Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“42°С-ақ дейін аптап ыстық”: демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

“42°С-ақ дейін аптап ыстық”: демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы
Сурет: goodfon.ru
Алдағы демалыс күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ  ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

Метеорологтардың мәліметінше, демалыс күндері Қазақстан аумағындағы бұлтты, ашық ауа күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. 

Мәселен, Солтүстік-батыста, солтүстікте және республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. 

Сондай-ақ демалыс күндері республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Ауа температурасының жалпы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Шығыста және оңтүстік-шығыста 42°С-ақ дейін аптап ыстық сақталады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар