Көп жағдайда тез жүкті болғысы келген болашақ ана бір-екі талпыныстан соң салы суға кетіп еңсесі түсіп кетуі мүмкін. Бірақ бұл тірлікте ең бастысы жүктіліктің тез басталғаны емес, дені сау нәрестені дүниеге әкелу екенін ұмытпағаныңыз жөн.
Ананың құрсағында жаңа өмірдің пайда болуы үлкен бір тылсым дүние. Көптеген болашақ аналарда осы табиғи кұбылысты тездетуге байланысты ойларын мынадай сұрақтар мазалайды:«Бала қалай көтеруге болады» немесе «Қалай тез арада жүкті болуға болады». KYN.KZ cайты осы сұрақтарға ретімен жауап береді.
Сіз қанша «Қалай тез жүкті болуға болады?» деп ойлағаныңыз бен, ең алғашқы қадамды құрсақ көтеруге дайындықтан бастағаныңыз жөн. Маманның қаралуында болып өз денсаулығыңызда қандайда бір кінәраттың жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз. Егерде ағзаңызда тез жүкті болуға кедергі келтіретін қандайда бір қиыншылықтар болса, дер кезінде алдын алуыңызға болады.
Дәрігелер құрсақ көтерместен 3 ай бұрын және одан соң да болашақ аналарға фолий қышқылын қабылдауға кеңес береді- ол плацентаның (баланың жолдасы) және болашақ нәрестенің жүйке трубкасының (болашақ орталық жүйке жүйесі) қалыптасуына өте керекті дәрумен. Себебі фолий қышқылы – ағза өздігінен бөліп шығара алмайтын В9 дәрумені, бірақ бұл дәруменді жүктілік басталмай тұрып жинап алу керек.
(Кез-келген дәрі-дәрмекті дәрігердің кеңесінен соң ғана қабылдауға кеңес береміз)
Диета дегеннен мүлдем бас тартыңыз. Егер арық әрі дене бітіміңіз сымбатты болғанын қаласаңыз бұған қоса ана болғыңыз келсе, көңіл-күйіңізді түсірейін сізге осы екеуінің біреуін ғана таңдау керек.
Егер сіз жүкті болуды таңдасаңыз дұрыс тамақтануды ұмытпағаныңыз дұрыс. Өйткені калориясы төмен тағамдарды тұтыну фертилді кезеңде бөлінетін гормондарға кері әсерін береді. Мына нәрсені ұмытпағаныңыз дұрыс болады салмағыңыздың күрт өсуі немесе төмендеуі жүкті болу мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді. Сол себепті өзіңіздің қалыпты салмағыңызды жүкті болмас бұрын реттеп алыңыз.
Болашақ әкеде жүктілікке байланысты дайындыққа міндетті түрде өз үлесін қосқаны жөн. Ол өз денсаулығына мұқият қарап бүкіл жаман әдеттерден оның ішінде : шылым шегу, алкаголь сияқты жаман әдеттерді айтпағанда жабысып тұратын синтетикалық іш киімдерді пайдаланбай, қандайда бір сәуле тарататын заттарды(телефон, ноутбук) беліне жақын жерде ұстамауы керек.
Бұл нәрселердің барлығы еркектің ұрық жасушаларының сапасына әсерін тигізеді.Сондықтанда бұл факторлардың өзі де әйелдің тез жүкті болу мүмкіндігіне кесі әсерін тигізеді.
Ерлі-зайыптылардың екеуінің де денсаулығының мықтылығы мен физикалық жағдайыңың жақсы болуы «жоспарлап» жүкті болуға ешқандай кепіл бермейді.
Алайда алғашқы қадамдарыңыздан ақ ойлағандарыңыз жүзеге аспай жатса еш түңілудің қажеті жоқ себебі денсаулығы мықты деген жұптардың өзіне жүкті болуға кемінде 6-12 ай кетіп жатады, бұл мерзімнің өзі денсаулықта бір кінәрат бар дегенді білдірмейді. Ең бастысы күйзеліске түспеңіз.
Көп жағдайда тез жүкті болғысы келген болашақ ана бір-екі талпыныстан соң салы суға кетіп еңсесі түсіп кетуі мүмкін. Бірақ бұл тірлікте ең бастысы жүктіліктің тез басталғаны емес, дені сау нәрестені дүниеге әкелу екенін ұмытпағаныңыз жөн.
Өйткені күнделікті өмірде болатын қиыншылықтар мен «тезірек» бала көтеру керек деген мәселеңіз қосылып созылмалы күйзеліске әкеліп соғуы мүмкін,ал бұл өз кезегінде сіздің денсаулығыңызға әсірін тигізбей қоймайды. Әрине әрдайым шаттанып жүру өте қиын, бірақ сіздің мақсатыңыз күйзеліске әкеп соғатын кез-келген нәрселерден өзіңізді аулақ ұстауға тырысу.
Келесі мақала