Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдердің тізімін жасады

Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдердің тізімін жасады
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Forbes Kazakhstan әр сала бойынша алдыңғы орында тұрған ықпалды әйелдердің тізімін жариялады.

Forbes басылымы 2025 жылдың ең ықпалды әйелдерінің рейтингін жариялады. Олардың қатарында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова да бар, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Forbes Woman әдістемесіне сәйкес, рейтингтің лонг-листі елдегі экономика, саясат және азаматтық қоғам салаларында танымал әрі ықпалды 120-дан астам әйелді қамтыған. Соның ішінде зерттеу тобы 45 қатысушыны іріктеп алған.

Бұл рейтинг әйелдер көшбасшылығын институционализациялау құралы және оны жүйелі деңгейде көрсету әрекеті болып табылады.

Ықпалды әйелдердің тізімі бойынша алғашқы орындарда "Қазақстан Халық Банкі" АҚ басқарма төрайымы әрі директорлар кеңесінің мүшесі Үміт Шаяхметова және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова бар. Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева рейтингте үшінші орынға көтерілді. Саясат саласындағы атқарған жұмыстары бойынша алғашқы ондыққа 6-орынға ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жайғасты. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бұрынғы орынбасары Тамара Дүйсенова, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева да бар.

Қаржы саласында рейтингке жаңа есім ретінде Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова 16-орынға ілікті.

Ал бизнес саласында биыл жаңа есімдермен 13-орынмен Lancaster Group акционері Гаухар Қаппарова, 22-орын Zhanna Kan Group компаниясының негізін қалаушы және иесі Жанна Кан, 25-орын “Qaganat” қоғамдық тамақтану желісінің негізін қалаушысы және бас директоры Шынар Бүгімбаевамен толықты.

"Ғылым және мәдениет" саласы бойынша Aubakirova School авторлық мектебінің негізін қалаушысы әрі көркемдік жетекшісі Жәния Әубәкірова 22-орынға ие болды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Закария Күнсұлу да бар.  Ал "Құқық қорғау" саласындағы жаңа есім – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева 17-орынға ілікті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар