Жүкті болған әйелдер көп жағдайда омыраудың ауыратынын байқайды. Ол етеккір келетін кезде де ауыруы мүмкін. Сондықтан, омыраудың басқа да өзгерістеріне назар аударыңыз: емшек ореолы түсін өзгертеді, омырау тамырлары анығырық көрінеді.
Кез келген әйел жүктіліктің алғашқы белгілері — таңертең жүрек айнуы, бас айналу және етеккірдің кешігуі — алғашқы жүктілік белгілері екенін біледі. Құрсақ көтергеніңізді етеккірдің кешіккенінен бұрын да білуге болады ма? Болады екен. Ал жатырдағы баланың дамуын дұрыс қадағалау үшін жүктіліктің мерзімін тура анықтау керек. Сол себептен, әйел адам қашан жүкті болғанын нақты білген абзал. KYN.KZ сайты жүктіліктің алғашқы белгілерін назарларыңызға ұсынады.
Жүктіліктің бастапқы кезеңінде мына белгілер байқалады:
- жүктіліктің 1-4 апталарында іштің төменгі жағы аздап ауырып, қан аралас зат бөлінеді;
- жүктіліктің 1-4 апталарында омыраудың сезімталдығы артып, тіпті, ауырады;
- жүктіліктің 1-6 апталарында әйелдің көңіл-күйі жиі өзгереді;
- жүктіліктің 4-аптасында етеккір келмейді;
- жүктіліктің 4-6 апталарында омырау ісініп, ұшы қараяды;
- жүктіліктің 4-6 апталарында жүрек айниды;
- жүктіліктің 4-6 апталарында жиі ұйқысы келіп, шаршайды;
- жүктіліктің 5-6 апталарында кіші дәрет жиілейді;
- жүктіліктің 5-6 апталарында бай айналады;
- жүктіліктің 5-6 апталарында әлсіздік пайда болады;
- жүктіліктің 6-аптасында дене температурасы өзгереді.
- қол мен аяққа арналған босаңсытатын ванналар;
- тынығу;
- жүктіліктен ләззат алу;
- бақыт гормонын арттыру үшін, сүйікті фильмдерді көріп, кітап оқып, таза ауада серуендеу;
- иммунитетті нығайту;
- өзіңізді және құрсағыңыздағы сәбиіңізді қорғау.
Келесі мақала