Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Зоб ауруының белгілері мен емдеу жолдары

Зоб ауруының белгілері мен емдеу жолдары
ашық дереккөз
 Аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болатын жемсау, яғни зоб ауруы – қалқанша безінің зораюынан туындайтын тамақтағы ісік немесе түйін.
Зобтың бір атауы-«жемсау»  Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безі адамдарда кеңірсіктің алдыңғы қабатында орналасқан. Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді. Бұл ауру тек шығармашылық адамдарда ғана емес, барлық кәсіп иелерінде болады.  Көбінесе диетада пайда болады. Зоб аяғы ауыр аналарда қауіпті жағдай туғызуы мүмкін. Себебі ауру асқынған кезде шақалақ өліп кетуі мүмкін. Жаңа туған нәрестеде қалқанша безінің дамымай қалуы, туа біткен гипотиреоздық қалыптасуы ықтимал. Қауіптісі нәресте ақыл есі кемтар болып туылуы мүмкін. Диагноз қойылған бала өмір бойы гормондық ем алуға мәжбүр.  Мұндай жағдай анасының жемсаумен ауыруына байланысты емес. Жемсау көбінесе жердің қойнау қабатында, су мен аста йод құрамы аз болып келетін таулы аймақтағы тұрғындарда жиі кездеседі. Сондықтан да, таулы аймақ тұрғындары үнемі біртүрлі азықпен тамақтанбауы қажет. Қалқанша без ауруының пайда болуына тұқымқуалаушылық, түрлі инфекциялар, дұрыс та­мақ­танбау, уақытылы дұрыс ұйық­тамау, ағзаның әлсіреуі, депрессия, психикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады. Күн тәртібіне бағынбай, түнде ұйықтамай, дер кезінде тамақтанбай шапқылап жүргендіктен болады. Оларға диффузды токсикалық зоб тән. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипеплазиясы салдарынан пайда болған зоб. Есте сақтау қабілеті төмендеу, депрессияға, жүйке тозуы, терінің кеуіп, шаш түсуі, ағза температурасы төмендеу, ағзаға су жиналып, қабынудың салдарынан салмақ қосу немесе салмақ тастау. Бет домаланып, өңі қашуы болады. Зобқа ұшыраған адамның есте сақтау қабілеті күрт төмендеп, әлсіз, әлжуаз күйге түсіп, шашы уыстап түсіп, терлегіш және тырнағы сынғыш келеді. Ең басты белгісі шектен тыс ашушаңдық. Қол-басы қалтырап, көзі шарасынан шығып кете жаздайды. Бұл – аурудың асқынған түрі. Мұндай жағдайдағы науқас білікті дәрігерге көрінуі қажет. Сондай-ақ, қалқанша безін жұтынғанда немесе сипалап сезіп-білуге болады. Зобты болдырмаудың бірден-бір жолы – құрамында йодталған тұзды тағамдарды жиі қолдану болып табылады. Егер де, тамақтағы жемсау беріштеніп, тым қатайып кеткен болса, оны тек қана хирургиялық жолмен алып тастайды, бірақ ол көп жағдайда міндетті емес. Қалқанша без ауруының алдын алу үшін құрамында йодқа бай краб, теңіз жәндіктері мен өсімдіктерін жиі қолданып, сонымен бірге капуста мен маниоканы жеуді тоқтатыңыз. Ал, тағамыңызға ас тұзынан гөрі йодталған тұздың пайдасы зор. Теңіз өнімдері: балық, қы­рыққабат. Жемістер: банан, қауын, жүзім, ананас, құрма, құл­пынай, апельсин, лимон. Жидектер: сарымсақ, шалқан, қызылша, картоп, сәбіз, қызанақ. Сүт, жұмыртқа, сары май, сиыр еті, бидай өнімдерін пайдалана отырып күнделікті тағамыңыздың құнарлығын арттыру керек. Басқа жеміс-жидектерге қарағанда негізінен теңіз өнімдерінің құрамында йод көп кездеседі. Әсіресе, өсіп-жетілуіне көптеген дәрумендерді қажетсінетін бала организміне йодтың маңызы аса зор; 5 жасқа дейінгі балларда 80-100 мкг, 12 жастағы балалар 130 мкг, 12 жастан асқан балалар 160 мкг йод қабылдауы керек. Зоб ауруын емдеу дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ережесі барлық жерде бірдей. Зобтың түрі көп. Соның ішіндегі көп тарағаны-эндемиялық зоб. Оның 3 сатысы бар: 1. қалқанша безі көрінбейді, сипалағанда сезілмейді. 2. қалқанша безі көрінбейді, бірақ сипалағанда сезіледі. 3. қалқанша безі жұтынған кезде көрініп тұрады. Адам қанының құрамындағы йод мөлшері жыл мезгіліне байланысты азайып-көбейіп отырады. Қыркүйек, қаңтар айларында қан құрамында йод мөлшері азайып, ақпанда көтеріледі. Күн ысыған кезде мамыр айларында йод жоғарылайды. Еркектерге қарағанда, әйелдер 3-4 есе көп ауырады. Ағзадағы йодтың 90 пайызы тамақ арқылы толықтырылады. Күнделікті тағам құрамына мән берген жөн. Йод балықтарда, теңіз өнімдерінде, балдырларда, балық майында көп. Теңіз қырыққабатын ламинарияда көп болады. Жемістерден: апельсин, лимон, банан,қауын, жүзім, ананас, құлпынай, алма, құрмада көп. Сүт, жұмыртқа, сары май, сиыр еті, бидай өнімдері йодқа өте бай. Жидектер: сарымсақ, шалқан, қызылша, картоп, кәді, сәбіз, қызанақ. Бірақ ет пен балықты қайта-қайта мұздатқанда оның ішіндегі йод жойылады. Отаны асқынған жағдайда ғана жасаған дұрыс. Уақтылы емделсе, эндемиялық зобтан қауіп жоқ. Зобтың токсикалық түрі ұзақ уақыт емделіп, дәрігер қарауында болу керек. Дәрігердің рұқсатынсыз бала тууына болмайды. Егер отбасында біреу зоб болып ауырса, тұқым қуалауы мүмкін. Ол тиреоидтық гормон биосинтезінің генетикалық бұзылуы. Зобты әркім өзінше емдемеу керек. Эндокринолог дәрігерлер емдейді. Сырқаттың бірінші дәрежесінде тек қана йодталған Йодомарин, йодты калий сияқты дәрілер ішу. Йодқа бай тағамдар ішу. Емі дұрыс жүрген адам, йодты тағамдарды үнемі пайдаланса сауығып кетеді. Зобтың тұқым қуалайтын, қатерлі түрлеріне шалдыққандары құлан таза жазылып кетпесе де, дер кезінде емделсе, сырқат созылмалы күйінде қалады. Науқастар берілген мөлшердегі дәріні ішіп тұру керек. Егер ем дұрыс жасалса, 8 аптада жағдайы түзелуі тиіс. Кейде екі жылға дейін созылады. Қалқанша безінің көлемі қалпына келсе, бір жылдан кейін йод қосылған препараттарға көшу қажет. Біле жүріңіз: Дені сау адамға шамамен 150 микрограмм йод қажет. Йод аздығы ағзаның химиялық, физикалық агенттерге қарсы тұруы төмендеп, ақыл есі кемиді. Зобты өз бетімен емдеу өте қауіпті. Теңіз балдырлары, теңіз қырыққабаты, ет, сүт, жеміс жидектер ағазаға йод беретін тағамдар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар