Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бала ұрлық жасаған кезде ата-ана не істеу қажет?

Бала ұрлық жасаған кезде ата-ана не істеу қажет?
ашық дереккөз
Егер бала көзіне түскеннің барлығын ала беретін болса, бұл – қауіпті белгі. Көбінесе, ол затты қашан және кімнен алғанын есіне түсіре алмайды, не үшін алғанын да түсіндіре алмайды. Өзіне мүлдем қажетсіз заттарды да алады, алған бетте тастай салады немесе жоғалтып алады. Бұл жүйке жүйесіндегі бірқатар бұзылушылықтардың көрінісі болуы мүмкін, сондықтан, дәрігер-психиатр көмегіне жүгінген жө
8 жасқа дейін, әдетте, бұл тек баланың жеткілікті дәрежеде жетілмегенін ғана білдіреді. Ол жеке меншік ұғымын әлі түсінбейді, өзінің әрекеті сырттан қалай көрінетінін және оған қандай жаза қолданылатынын ұғына бермейді. Оның түсінігінде ол тек өзіне ұнағанды ғана алады және бұл әрекетінен ешбір сөкеттік таппайды (ал жасөспірімдер, керісінше, теріс қылық жасағанын түсінеді). KYN.KZ  сайты балалар ұрлық іс-әрекетіне не үшін баратындығын талқылап көрсетеді. Кейде ұрлық ақша және құнды заттар көз алдында жатып, бала үшін тым қызықты болғандықтан жасалады. Ұрлық ерік-жігер қасиеттерінің жеткілікті дамымауымен байланысты болуы мүмкін: егер әлденені жан-тәнімен қаласа, өз-өзіне «жоқ» деп айта алмайды. Мұндай балаларға өз әрекеті үшін ұялса да, қызығушылығын жеңу қиынға соғады. Көптеген балалар өздерін ешкім жақсы көрмейді деп ойлағанда және өздерін ешкімге керексіз сезінгенде ұрлық жасай бастайды. Олар өздеріне ешкім қамқорлық көрсетпегендіктен, айналасындағыларға зиян келтіруге құқылы деп есептейді. Мұндай жағдай бала үйде де және өзге балалардың ортасында да өзінің кемсітілгенін, қауқарсыздығын сезінгенде туындауы мүмкін. Ұрланған заттар қатарластары арасында «мәртебе сатып алуға» жұмсалады. Балалар өз аға-інілерінің және әпке-сіңілі қарындастарының заттарын қызғаныштан ұрлауы мүмкін. Жасөспірімдер ұрлықты жан түршіктірер әсерлер алу үшін немесе өздерін «мықты» сезіну үшін жасауы мүмкін. Баланы ұрлық жасауға өзі араласатын ортасының нашар болуы итермелеуі мүмкін. Ата-ана не істеуі қажет?
  1. Балаға майда-шүйде шығындарына ақша беріңіз, одан қаржылық қажеттіліктері туралы сұрай жүріңіз. Ақша мен құнды заттарды баланың қолы жетпейтін жерлерде ұстаңыз. Егер әлдебір бұйымыңыз жоғалса, «қылмыскерді» ұстауға емес, сол бұйымның орнын толтыруға көбірек назар аударыңыз. Балаға күнделікті майда-шүйде шығындарына берілетін ақша сомасын қысқартсаңыз болады немесе сатып алғалы отырған жаңа затты алмай қоюыңызға болады. Балаға ұрланған затты қайтаруға және абыройын сақтап қалуға мүмкіндік беріңіз. Ешкімді айыптамай: «Бұл затты кім алғанын білгім де келмейді, бірақ, ол қайтарылуы тиіс. Ол бір сағат ішінде табылады деп үміттенемін» деп айтыңыз.
  2. Балаңызға деген сүйіспеншілігіңізді көрсету жолын табыңыз. Балалар мен ата-аналар арасында өзара сенім және құрмет болуы маңызды – тек сонда ғана сіз балаңыз үшін беделдітұлға бола аласыз және бойына адамгершілік және адалдық қасиеттерін сіңдіре аласыз. Балаға барлығының көзінше ұрсуға, оны масқаралауға болмайды, әйтпесе, бір рет жаза басқан әрекет тұлғаның болмысына айналады – «үлкендер айтса, демек, мен шын мәнінде сондай жаманмын». Кейін өз-өзіне сенбеу, ызақорлық, өзінің бұзылғанына сенімділігі өршіп кетуі мүмкін.
  3. Балаңыз ұрлық жасағанына сенімді болсаңыз, «ұрлық жасаған сенсің бе? Қалай ғана дәтің барды!» деп, оны тергеуге алудың қажеті жоқ. Жай ғана келесідей айтыңыз: «Ол затты сен алғаныңды білемін. Мен де бала кезімде солай істегенмін. Бірақ істегеніме қатты ұялдым, қатты қысылдым! Сен де өзіңді солай сезініп тұрсың ба?». Баланы айыптамай, орын алғанбір сәттік қызбалықпен өзге адамдардың сезімдері туралы біле бермейді жайтқа қатысты оның сезімдері және көзқарасы туралы сұрақтар қойыңыз. Көбінесе, балалар және ойланбайды.
  4. Баланы ұрлаған затын иесіне қайтарып беруге көндіріңіз. Жазалаудың және айыптаудың орнына оның қатты ұялатынын және қиналатынын түсінетініңізді көрсетіңіз.
  5. Балалар ата-анасының махаббаты мен құрметінен айырылмай, қатесін түзете алатынын және абыройын сақтап қала алатынын сезінуі тиіс.
  6. Олар, сондай-ақ, жаман адамға айналғанын емес, тек жаман қылық жасағанын түсінуі тиіс.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар