Ата-анадан баланы оқып үйрету талап етілмейді, олар баланың бойында оқуға деген құмарлықты дамытуы тиіс!
Cоңғы жылдары кітап оқығысы келмейтін, орнына теледидар мен компьютерге үйір балалар саны артып кетті. Ата-аналар абыржулы: бала кітап оқудан бас тартады!
Оның себебі неде? Бұл жағдайды қалай өзгертуге болады деген сұраққа KYN.KZ сайты жауап береді.
Басты кезекте оқып үйренудің қажетті алғышарты ретінде ауызекі тілді дамытуға көп көңіл бөлу қажет. Оны бала дүниеге келген алғашқы күннен-ақ бастаған жөн. Сәбиді қолыңызға көтеріп, онымен сөйлескенде, сіз оған жылу мен қауіпсіздік сезімін бересіз (ал сізге бұл жаста ол мұны елемейтіндей көрінеді).
Әрдайым тыңдауға дайын екеніңізді көрсетіңіз. Балақайдың тіпті ең алғашқы әлсіз және былдырлап сөйлеуге тырысқан әрекеттерін қолпаштауға тырысыңыз. Егер шаршап немесе асығып тұрсаңыз, ұмытпаңыз: мектеп дейінгі жаста көрсеткен шыдамдылығыңыз болашақта жұмысыңызды әлдеқайда жеңілдетеді.
Балаға көбірек уақыт бөліңіз. Ерте балалық шақта баланың тілінің дамуына, танымдық дамуына және қоғам өміріне қатысуына отбасының ықпалы шешуші маңызға ие. Дәл осы мектепке дейінгі жаста үйден тыс өз-өзіне деген сенімділігі және тіл табыса білу қабілетінің іргетасы қаланады. Ерте балалық шақтағы тілдің даму деңгейіне баланың мектептегі жетістіктері, қатарластары арасында тіл табыса білуі байланысты болады.
Баланың оқып үйренуіне ең басты бәсекелес – теледидар. Жағдай қалай жасалғанына байланысты теледидар мен бейнеақпарат дамуға түрткі де, тежеу де бола алады. Балаға теледидар алдында өткізуге болатын уақыт шектеулі болуы тиіс. Балаңызға көруге рұқсат ететін бағдарламаларды мұқият іріктеңіз.
Бала есейгенде таңдау мүмкіндігін беріңіз: апталық бағдарламаны бірге қарап отырып, көретін бағдарламалардың бірге таңдаңыздар. Балаға өзі қалағанын таңдауды ұсыныңыз. Үйде отбасылық хабарландырулар тақтасына ұқсас бір орын болсын; таңдап алынған бағдарламалар тізімін осы тақтаға іліп қоюға болады.
Теледидарды және кез-келген бейнеақпаратты баламен бірге көріңіз.
Баланы не қызықтыратынын білуге тырысыңыз. Көргендеріңізді бірге талқылаңыздар. Сіз
сұрақтар қоя аласыз, мысалы:
- Қалай ойлайсың, қандай жағдай орын алды?
- Оған қазір не болып жатыр?
- Сенің ойыңша, ол неге мұндай әрекетке барды?
- Қалай ойлайсың, әрі қарай не болады?
Келесі мақала