Жүкті әйел әрбір жүктілік кезінде кемінде төрт рет білікті медицина қызметкерінің медициналық тексерілуінен өтуге тиіс. Босанғанға дейінгі кезеңдегі алғашқы қабылдауда болу барынша ертерек болғаны жөн, ең дұрысы, жүктіліктің бірінші триместрінде (алғашқы триместр), ал қалған үшеуі жүктіліктің қалған кезеңдеріне жоспарлануы мүмкін.
Жас әйел белсенді сексуалдық өмір бастаған кезде оған жүктілік және АИТВ-ны қоса алғанда жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) қаупі туралы ақпарат қажет болады. Ол жүктіліктің белгілерін ерте байқап-білуге тиіс. Егер ол жүкті болып қалса, білікті медициналық қызметкер тарапынан неғұрлым ертерек медициналық күтім алуға көмек көрсетілуге тиіс. Ол жүктілік кезеңдері және жүктілік кезінде өзінің және баласының денсаулығын қалай сақтау қажеттігін білуге тиіс. Сондай-ақ ол жүктілік кезіндегі ауыр асқынулар салдарларының
қауіпті белгілерін де білуге тиіс деректерді KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады.
Жүкті әйел әрбір жүктілік кезінде кемінде төрт рет білікті медицина қызметкерінің медициналық тексерілуінен өтуге тиіс. Босанғанға дейінгі кезеңдегі алғашқы қабылдауда болу барынша ертерек болғаны жөн, ең дұрысы, жүктіліктің бірінші триместрінде (алғашқы триместр), ал қалған үшеуі жүктіліктің қалған кезеңдеріне жоспарлануы мүмкін. Жүктіліктің қауіпсіз өтуін және дені сау баланың тууын қамтамасыз ету үшін білікті медицина қызметкері немесе босандыру жөніндегі тәжірибелі маманда болуы тиіс: • жүкті әйелге оның организмінде өтіп жатқан өзгерістер туралы ақпарат беруге;
• жоғары қан қысымы ана үшін де, бала үшін де қауіпті болғандықтан, қан қысымын
бақылауға;
• қан аздығының байқалу ықтималдығын бақылауға алуға және құрамында темір мен фолий қышқылы бар препараттарды қабылдауын қамтамасыз етуі керек; әйел мұндай препараттардың маңызын түсінуге тиіс; оған жүктілік кезінде туындайтын іш қату және жүрегі айну секілді әдеттегі жанама әсерлер туралы түсіндіруге;
• барлық жүкті әйелдердің балаларын ақыл-ой және дене бітімінің кенже дамуынан, ал өзін жемсау болудан қорғау үшін ас әзірлегенде йодталған тұзды пайдалану қажеттігіне көздерін жеткізуге;
• барлық жүкті әйелдердің қоректік заттарға бай тамақты көп қолдану, әдеттегіден көбірек демалу қажеттігіне көздерін жеткізуге;
• баланың салмағы жетілмей тууын болдырмау үшін екінші триместрден бастап қажет болған жағдайда дегельмнитациялық ем тағайындауға;
• ана мен әкені нәрестенің тууы мен оған күтім жасауға дайындауға, анаға емшек емізу және өзін күту бойынша кеңес беруге, анаға көмек беру мәселелері бойынша әкеге кеңес беруға;
• зорлық-зомбылыққа ұшыраған жүкті әйелдерге қолдау көрсетіп, қорғайтын қоғамдастық-тардағы топтармен таныстыруға;
• АИТВ-ны қоса алғанда жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу бойынша консультациялар беруға;
• жүктілік кезінде инфекциялардың, әсіресе урогениталиялық, ЖЖБИ және АИТВ инфекцияларының пайда болуын бақылау және бағытты барабар ем жүргізуге;
• АИТВ бойынша ерікті, құпия тексеру жүргізуге және консультация беруге тиіс.
АИТВ жұқтырған жүкті әйел жүкті кезінде, босанған және сәбиді емізген кезде баланың
инфекция жұқтыру қаупін азайту және өзі мен баласын күтуге қатысты білікті медицина қызметкерінен консультация алуға тиіс. Өзінде АИТВ инфекциясы бар деп ойлаған
жүкті әйел тексеруден өту және консультация алу үшін қолдау алуға тиіс. Болашақ әке
де тексеріліп, консультация алғаны жөн (әрі қарай ақпарат алу үшін «АИТВ/ЖИТС» тарауын қараңыз). Әрбір жүкті әйел мен оның отбасы мүшелері жүктілік пен босанудың қатер екенін білуі керек. Олар қауіпті белгілерді тани білуге тиіс. Асқынуларды болжап білуге болмайтындықтан, босану тек тәжірибелі медицина қызметкерінің көмегімен босандыратын мекемеде жүзеге асырылғаны дұрыс.
Асқынулар қаупі мынадай:
• болашақ ананың жасы 18-ге толмаған немесе 35-тен асқан;
• соңғы жүктілікке екі жыл толмаған;
• әйел бірнеше рет жүкті болған;
• мерзімінен бұрын босанған немесе туған кезде сәбидің салмағы екі килограмға жетпеген;
• ауыр босанған немесе кесарь тілігі жасалған;
• бұрын түсік тастаған немесе бала өлі туылған;
• әйелдің салмағы 38 килограмға жетпейтін;
• әйелдің бойы 1,5 метрден кем;
• әйел АИТВ немесе ЖЖБИ жұқтырған жағдайларда күшейе түсетін болғандықтан,
кейбір әйелдер үшін бұл ерекше маңызды.
Әйел толғақтың басталу белгілерін қалай айыра білу керек екенін және босанған кезде
босандыратын маманның көмегі қай уақытта қажет болатынын білуге тиіс. Босану белгілері мынадай: • әрбір 20 минут сайын және одан аз уақытта ішті ауыртатын толғақтың келуі;
• судың кетіп қалуы;
• қан аралас сұйықтың бөлінуі. Жүктілік кезіндегі қауіпті симптомдар: • қан аздығы (тілі мен қасы қуқыл тартып, бозарады, шаршағандық және ентігу
белгілері байқалады);
• аяқ-қолдары, беті ісінеді;
• ұрықтың қозғалуы әлсіз немесе қозғалыстың болмауы. Жедел медициналық араласуды талап ететін белгілер: • кровянистые қынаптан қан аралас сұйықтың бөлінуі немесе қан кету;
• қатты бас ауруы, көз алдының тұмандануы;
• сіңір тартылу;
• іштің қатты ауыруы;
• қызудың көтерілуі және әлсіздік;
• жиі және қиналып дем алу;
• 12 сағаттан артық уақытқа созылған толғақ кезіндегі іштің ауыруы. Акушерге барған кезде жүкті әйелге және оның отбасы мүшелеріне босанғанға дейін босануға дайындық және болуы мүмкін асқынулар бойынша көмек көрсетілуге тиіс. Жоспар құрылып, оның мынадай сәттері: • қай жерде босанатыны (қай перзентханада) және асқынулар туындаған жағдайда әйелдің қайда жіберілетіні;
• оны кімнің ілесіп, алып жүретіні;
• оның перзентханаға қалай жеткізілетіні;
• өзіне және баласына қандай керек заттарды алу қажет екені;
• қандай шығындар туындайтыны және олар қалай жабылатыны;
• әйел болмаған кезде оның отбасына кімнің қамқорлық көрсететіні;
• қажет болған жағдайда кімнің қан бере алатыны нақтыланады.
Әйелдің жағдайы мен талаптар өзгеруі мүмкін болғандықтан, босану және болуы мүмкін асқынулар жоспары босанғанға дейінгі жүктілік кезінде әр барған сайын жаңартылуға тиіс.
Асқынулар туындаған жағдайда шұғыл көмек көрсету жоспары әйелді тәуліктің кез келген
уақытында жеткізу үшін жақын маңда орналасқан перзентхана немесе аурухананы және
және қажетті көлікті де қамтуға тиіс.
Келесі мақала