Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Балаға емізік (соска) беру пайдалы ма, зиян ба?

Балаға емізік (соска) беру пайдалы ма, зиян ба?
ашық дереккөз
Нәрестелер көбіне аузын ашып ұйықтайды, мұрын арқылы тыныс алып ұйықтау үшін да емізік беруге болады.
Балаға қандай емізік алу қажет және қай уақыттан бастап бере бастаған жөн деген сауал талайларды қызықтыратыны сөзсіз. Перзентханадан аузында емізігі бар жаңа туылған сәбилерді кездестіруге болады. Бұл дұрыс деп ойлайсыз ба? Бұл сұрақтарға KYN.KZ сайты жауап береді. Емізіктің зияны: Прикус өзгереді, яғни шайнау, жақ сүйек, тістердің дамуы дұрыс емес болады. Оны дұрыстау үшін пластинка, брекет, ақша, уақыт, нерв..... ⠀ Емізіктің пайдасы:
  1. Баланы тыныштандырады, бала тыныш болса ана да тыныш, ана тыныш болса отбасы да тыныш. ⠀
  2. Сору рефлексін қандырады, бала дүниеге келгеннен минимум 8 айға дейін сору рефлексі болады.Ол кезде қолына түскен затты ,қолына ештеңе түспесе саусағын сорады. Әсіресе бөтелкемен тамақтанатын балаларға ұзақ ембегендіктен емізік керек -ақ. Қол сорғаннан емізік сорған дұрыс деп ойлаймын. ⠀
  3.  Нәрестелер көбіне аузын ашып ұйықтайды, мұрын арқылы тыныс алып ұйықтау үшін да емізік беруге болады. Зерттеулер бойынша 1-1,5 жасқа дейін емізік беруге болады, одан кейін жалғастыра берсе жақ-бет сүйегі өзгерістеріне алып келеді. Және күні бойы емес ең кажет уақытта пайдалану керек. ⠀ Ең бастысы дұрысын таңдау қажет Формасын 3 -ке бөлуге болады:⠀ 1.  Классикалық, дөңгелек— физиологияға сай емес. Жақ, тістеу бұзылыстарын тудырады. ⠀ 2.  Ортодонтты, симметриялы — ана сүт безіне максималды ұқсас келеді. Шайнау, жақ бұлшық еттеріне әсер етпейді. ⠀ 3. Ортодонтты, анатомиялық— ең физиологияға сай. Стоматологтар осы емізік формасын ұсынады. ⠀ Материалы: 1. Латексті—табиғи материал.Жұмсақ, эластикалық. Жарамдылық мерзімі аз, 1-2 айдай, тез еріп кетеді, бұзылады. Аллергия болуы мүмкін. ⠀ 2.  Силиконды—синтетикалық материал.Латекске қарағанда шыдамды. Қаттылығы кей балаларға ұнамайды. ⠀ Фирмалар: Philips AVENT Chicco Nuk ⠀ Размер: 6 айға дейін (размер A немесе 1) 6 айдан 1 жасқа дейін(B немесе 2) 1 —1,5 жас(С немесе 3). ⠀
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар