Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ходунокка баланы отырғызу дұрыс па?

Ходунокка баланы отырғызу дұрыс па?
ашық дереккөз
Баланы қоршап тұрған қатты қорған, баланың тепе теңдік сақтауда динамикалық кедергі жасайды. Ол қалай? Бала жүріп келе жатқанда теңселіп, құлап қайта тұрып үйренуі керек, сол құлау кезінде  мидың тепе-теңдік сақтау орталығына импульс барып, ол орталықтың жұмыс жасауға шақырады.
Ходунокка баланы отырғызу дұрыс па? Ол баламның аяқ ұшымен жүруін қалыптастырмайды ма? Бүгін осы ең жиі қойылатын сұраққа KYN.KZ  сайты жауап береді. Көпшілік өте ауқымды қолданатын «Ходунок» бір қарағанда тиімді, бір қарағанда балаңыз онда аяқ ұшымен жүретін сияқты... Ия, шыныменде ойланатын жағдай... ⠀ Ең алдымен баланы ходунокка не үшін отырғызамыз, соны қарастырайық: 1. Бала тезірек жүруді үйренсін деп 2. Бала жүргенде құламау үшін 3. Бала кедергі жасамай отыруы үшін 4. Өзімен өзі еркін үй ішінде жүруі үшін т.б. барлық себептерін қарастырсақ, барлығы ананың және үйдегі туыстардың жағдайын жеңілдету үшін, әрине бұл ащы шындық. ⠀ Ал, ходунок бала жүруді енді үйреніп келе жатқанда қандай кедергілерді тудырады: Баланы қоршап тұрған қатты қорған, баланың тепе теңдік сақтауда динамикалық кедергі жасайды. Ол қалай? Бала жүріп келе жатқанда теңселіп, құлап қайта тұрып үйренуі керек, сол құлау кезінде  мидың тепе-теңдік сақтау орталығына импульс барып, ол орталықтың жұмыс жасауға шақырады. Осылайша біртіндеп 1,2,3,4 .... құлап қайта тұру барысында баланың тепе-теңдік сақтау қабілеті жетіледі. Ал, ходунок бұл қалыпты үрдісті кішкене тежейді ⠀
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар