Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көздің жақсы көруін жақсартатын тағамдар

Көздің жақсы көруін жақсартатын тағамдар
ашық дереккөз
Қос жанардың саулығы – баға жетпес байлық.
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Осы орайда біз сіздерге маңызды мүшелеріміздің бірі - көз туралы айтқымыз келіп отыр. Қос жанардың саулығы – баға жетпес байлық. Көз - адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергиясы. Көру мүшесі арқылы біз қоршаған әлемді танимыз. Сондықтан көзімізге күтім жасап тұруымыз керек. Ол үшін мынадай тамақты жиі тұтыныңыз деп хабарлайды KYN.KZ Болгар бұрышы. А мен С дәрумендері мен лютеин бар. Өсімдік майы. Өсімдік майысыз А дәрумені сіңбейді. Сәбіз. Күніне бір сәбіз жесеңіз, родопсин қалпында болады. Ет пен балық. А дәрумені ет пен балықтың құрамында мол. Цитрус. С дәрумені жеткілікті болсын десеңіз, лимон, апельсин, мандаринді жеп тұрыңыз. Асқабақ. Көздің көруін сақтайтын лютеинге бай асқабақтан күніне 150 г жеу керек. Көзге жасыл түс аса пайдалы. Жасыл түске ұзақ қарасаңыз, ол көздің шаршауын басып, жүйке жүйесін жайландырады. Сондықтан бөлмеңізде жасыл түстің көбірек болуын қадағалаңыз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар