Психолог: Жүкті әйелдер көңіл-күйлерін жақсы қалыпта сақтау үшін жанға жағымды, өзіне ұнамды әуен таңдағандары жөн.
Әйелдердің жүктілік кезеңінде пайдалы және зиянды заттар саны көбейе түседі. Ол тағам, киім, жүріп-тұру, қозғалыс секілді жәйттер. Ал екіқабат кезінде әуен тыңдау ана мен іште жатқан бала үшін қаншалықты пайдалы? Не болмаса оның зияны бар ма?- деген сұрақтарға KYN.KZ сайты жауап береді.
Жүктілік-өткінші кезең.
Жүктілік кезеңінде әйел түрлі көңіл-күйді бастан өткереді. Бұл жағдай әсіресе жүктіліктің алғашқы айларындаторын алады. Кейде себепсізден-себепсіз бойын ашу қысуы мүмкін. Алғашқы жеріктікте біраз әуреге салады. Сонымен қатар үйдегі, жұмыстағы, қоғамдық көліктердегі жағдайлар да жүкьі әйелдің көңіл-күйіне әсер етеді. Мұндай кезде көңіл-күйіңді қалыпты ұстау үшін және өз-өзіңе сенімді болу үшін не істеу керек?
Бұл сұраққа психологтар былай жауап береді:
Жүкті әйелдер көңіл-күйлерін жақсы қалыпта сақтау үшін жанға жағымды, өзіне ұнамды әуен таңдағандары жөн. Негізі әуеннің адамның денсаулығы үшін тигізер пайдасы орасан зор. Оның сиқырлы күші ауру адамды дәрісіз-ақ дертінен айықтыра алады.
Психологтардың бұл пікірін дәрігерлер де құптап отыр. Олардың айтуынша әйелдердің басым бөлігі жүктілік кезінде ашушаңдыққа бой алдырады екен. Міне, тап осы уақытта баяу ырғақтағы әндер тыңдаса, олардың ашулары басылып, жандары тынышталып, жүйкесі демалады екен.
Сонымен қатар жүкті әйелдер әуен тыңдағанда олардың жүрек соғысы жақсарады. Соның әсерінен дене жайбарақат күйге түседі. Бұл күй бүйрек, бауыр, ас қорыту, қан айналымына да оң әсер ететіні анықталған. Жүкті әйелдер таңертең және кешке қарай, ұйықтар алдында баяу ойналатын жағымды музыка тыңдап жүрсе іштегі нәресте сабырлы, төзімді болып туылады дейді.
Сонымен бірге сәбидің есте сақтау және есту қабілеті жақсы дамитын көрінеді. Мұндай балалар мейірімді адам болады дейді психологтар. Дегенмен әуенді тым көп тыңдамаған жөн. Сондай-ақ өзіне ұнамсыз, мағынасы түсініксіз, тым қатты дауыстағы әуендер жүкті әйелдің денсаулығына кері әсерін тигізеді. Мұндай әуендер миды шаршатып, онбағы жоғарғы ырғақ жүкті әйелдің жүйкесін жұқарта бастайды.
Келесі мақала