Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сіңір тартылғанда не істеу керек

Сіңір тартылғанда не істеу керек
ашық дереккөз
Кәдімгі магнитті сіңір тартылғанда ауырған жерге басса да көмегі тиеді.
Аяқтағы сіңірдің тартылуы мазалағанда мынадай тәсілдерді пайдаға жаратуға болады.Бұл әдістер дерттің алдын алуға да көмектеседі деп хабарлайды KYN.KZ ✓Сүйелшөп шырыны мен вазелинді араластырады.Күн сайын сіңір тартылған орынға майды жағады. Емдік шара уақыты : 2 апта. ✓Лавр жапырағын ұнтақтайды.Одан 50 гр. алып 250 мл. тазаланбаған өсімдік майымен араластырады.Қоспаны қараңғы жерде 2 апта қояды.Мұны ауырсынған жерге жағады. ✓Лимон шырынының да аяқ сіңірі тартылғанда шипасы тиеді.Ол үшін табанды лимон шырынымен сүртеді , кепкенше күте тұру қажет. Бұл емдік шараны күніне 2 рет 2 апта бойы жасайды. ✓Кәдімгі магнитті сіңір тартылғанда ауырған жерге басса да көмегі тиеді. ✓ 1 ас қасық жанаргүлге 1.5 стақан қайнаған су құяды. Бұл қараңғы жерде 2 сағат тұрады.Сосын сүзгіден өткізіп, 1 ас қасықтан күніне 3 рет 10 күн қатарынан қабылдайды. ✓ 1 ас қасық түймедаққа 2 стақан қайнаған су құяды да 40 минут тұндырады. Тұнбадан бір күнде астан бұрын жарты стақанын ішеді. ✓ 1 литр қайнаған суға 2 ас қасық мейізді кешке салады. Таңертең тұнбаны сүзеді, жүзімді жейді де суын күні бойы ішіп тауысу керек. ✓ Аяққа жасалған булаудың да пайдасы бар. 3 литр жылы суға 1 ас қасық қыша салып, аяқты бұлауда ұстайды. Сосын 1 стақан жылы суғатю лимон шырыны, бал, алма сіркесуын қосып ішеді. Сіңірдің жиі тартылуы кезінде ас мәзірінде мынадай микроэлементтердің болғанын қадағалаған жөн. Бұлардың да дерттің алдын алуға пайдасы орасан. Кальций .Бұл сүт өнімдерінде көп болатындықтан олардан бас тартпаңыз. Магний. Мұны қарбыз, халва, қарақұмық жарнамасынан ала аласыз. Натрий.Ас тұзында болады.Сондықтан сапасыз тұзды алудан аулақ болыңыз. Калий. Картоп, апельсин мен банан калий элементіне бай.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар