Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Климакс: Емделу жолдары. Халықтық ем

Климакс: Емделу жолдары. Халықтық ем
ашық дереккөз
Жүйке жүйесі нашар адамдар, түрлі созылмалы дерттен ауырғандар, аз қимылдайтын жандар климкс кезеңін ауыр өткізеді.
Ерте ме, кеш пе әйелдер де, ер-азаматтар да бұл қиын кезеңнен өтеді. Әйелдерде 45-55 жас аралығында (кейбіреулерде бұданда ерте) біртіндеп етеккірі тоқтайды, жатыр мен ұрық әрекеті басыла бастайды. Бұл кезең он шақты жылға дейін жалғасады. Сосын барып ағза жағдайы тұрақталады. Климакс кезеңінінң қалыпты өтуі ағзаның жалпы жағдайына байланысты өтеді. Жүйке жүйесі нашар адамдар, түрлі созылмалы дерттен ауырғандар, аз қимылдайтын жандар климкс кезеңін ауыр өткізеді. Климаксты жеңіл өткізу жолдарын KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады. Ерлерде: Еркектерде климакс белгісі 50-60жаста байқалады. Ми қан тамырларыңың склерозы, жүрек қан-тамыр жолдарының қызметінің бұзылуы (жүрек аумағынды ауырсынуды сезіну, жүректің қатты соғуы, тамыр соғуын мида сезіну, қан қысымының көтерілуі, есте сақтауының төмендеуі, ұйқысыздық) секілді дерт түрлерінің белгілеріне ұқсайды. Бұдан еркектер артық салмақ жинайды, подагра немесе қант диабеті дерті пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге жүйкеге де салмақ түседі. Денсаулығына деген шамадан тыс семемшілдіктен жүйке зардап шегеді. Әйелдерде: Ер-азаматтарда климкс өз кезеңімен өтетін болса, әйелдердегі гормоналдық қайта құрылу ауыр болалы: қан қысымы тұрақтамайды, жүйке жүйесі нашарлайды. Бұл жағдайлардың алдын алуға әдбен болады. Мұндай келеңсіщдіктерден зардап шегу көбінесе ағзада калий жетіспеушілігінен орын алады. Яғни климакс уақытында бал, грек жаңғағы, кептірілген өрік пен мейізді көп жеген дұрыс. Қою қара шай, шоколад, кептірілген азықтардан бас тартып, ағарғандар мен сұлы мен қарақұмықтан ботқа, көкөністер мен жемістер, майсыз тауық, балық еттері ас мәзірінде көп болсын. Халықтық ем: Климакс кезіндегі жалпы ауырсынуда мына шөптер жиынтығынан емдік рецепті қолданады. Құлмақ бүршігі, иссоп пен жусан шөбін бірдей мөлшерде алады. Осы араласпадан 1шай қасық алып, 300мл қайнаған сумен араластырады. Күніне 3рет 1стақаннан астан 15минут бұрын қабылдайды. Емдік кур: 3-4апта. 10күн демалып, емді қайта жалғастырады. Потолгиялық климакс дамуына жол бермеуде егде жастағы әйелдер сәлбеннен шай дайындап ішеді. Дайындалуы өте оңай: ыдысқа 0,5литр қайнаған су құйып, 1ас қасық қүрғақ шөпті араластырады. 30минут тұрған соң сүзіп, күніне осы тұнбадан 3рет астан кейін қабылдайды. Емдік курс: 2апта. Бір апта үзіліс жасап, ем жаоғасады. Керектілер: Шүйгіншөп тамыры, қырмызы, түймедақ, қалақай жапырағы, жұмыршақ. Барлығын бірдей мөлшерде араластырады. 1шай қасығын 1стақан қайнаған сумен демдейді. 150мл сәбіз шырынын 50мл кілегеймен араластырады. Шырынды әр айда 10күннен қабылдайды. Шүйгіншөп пен тау жалбызынан тұнбаны 19күн ішіп, 20күн демалады. Шайшөп, түймедақ, хош иісті тұздардан аяққа бұлау жасаса, дерт жеңіл өтеді. Жадыңызда болсын! Ұйықтар алдында терезені ашып, жатын бөлмені желдетіп алу керек. Күндіз желдеткішті қосып қойыңыз, үй ішінде жеңіл киім киіңіз. Күнделікті спортпен айналысыңыз. Жаяу жүру, жүзу, бидің түрлері және аэробика т.б шұғылданыңыз. Жастықты салқындатыңыз. Салқын жастықта жатқанда ұйқы тыныш болады. Климакстың қалыпты жағдай екеніне және оны болдырмаудың мүмкін емес екендігіне қарамастан, дәрігердің рұқсатымен әйелдерге арналған дәрумендер түрлерін қолдануға болады. Е дәрумені-климакс кезеңін жеңіл өткізуге көмектеседі. В және С дәрумендері климакс кезіндегі торығу, шаршау және көңіл күйдің құбылмалылығын жеңіл өткізуге септігін тигізеді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар