Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үй жағдайында пилинг жасау

Үй жағдайында пилинг жасау
ашық дереккөз
Пилинг - терінің беткі қабатының өлі клеткаларын кетіріп, жаңа балғын клеткалардың орын алмастыруына мүмкіндік береді. Нәтижесінде тері жаңарып, тегістеліп балғын сипатқа ие болады.
Қазіргі заманғы косметология бет терісін тазалаудың көптеген тиімді тәсілдерін ұсынуда. Солардың бірі-пилинг. Пилинг - терінің беткі қабатының өлі клеткаларын кетіріп, жаңа балғын клеткалардың орын алмастыруына мүмкіндік береді. Нәтижесінде тері жаңарып, тегістеліп балғын сипатқа ие болады. Бұған қоса пилинг бет терісінің зат алмасу процесін жақсартып, сізге өз жасыңыздан әлдеқайда жас көрінуге көмектеседі. Пилингтің химиялық, механикалық, физикалық түрлері кеңінен таралған. KYN.KZ  сайты үй жағдайында механикалық пилинг жасауға және жеміс құрамындағы қышқылдардың көмегімен жеңіл пилинг жасауды үйретеді. Пилингті кімдер жасауы керек? Айына бір рет пилинг жасау барлық адамға қажет-ақ. Алайда оны тым жиі жасау да зиян. Жиі жасалған пилинг бет терісінің жұқаруына, соған орай инфекциядан қорғанудың әлсіреуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Теріні тазалау, жасарту үрдісі әсіресе бет терісінің серпімділігі әлсіреген, алғашқы әжімдер түсе бастаған, күнге күюден пайда болған және пигментациялық дақтары бар әйелдерге аса қажет. Сондай-ақ, маска немесе лифтинг жасау алдында да бетті пилингпен тазалап алған жөн. Алайда пилингпен теріні тазартқанда сақтық шараларын да ұмытпағаныңыз жөн. Айына екі немесе үш реттен артық тазалау терінің майлы қабатының жұмысының бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Ал құрғақ теріні екі аптада бір рет қана тазалау жеткілікті. Пилингпен тазалау көктем, жаз, қыс мезгілдеріне қарағанда күзде біршама жайлы. Тым ашық, ыстық емес, әрі қақаған суық та құрсаулап тұрған жоқ. Мұндай ауа райы бет терісіне жағымды әсер береді. Үйдегі спа-салон Үйде бет терісін тазалауды демалыс күндеріне жоспарлағаныңыз жөн. Бұл сіздің тек бет теріңізге ғана пайдалы емес, өзіңізге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Тез әрі оңай жүзеге асырылатын косметикалық процедурадан кейін бетіңіз жұмсақ және балғын сипатқа ие болады. Айнаға карап өз ісіңіздің оңды нәтижесін көріп, әдемілігіңізді сезінгенде бұоынғыдан әлдеқайда жақсы күйге бөленеріңіз анық. Пилинг қоспасын жақпас бұрын теріні шаңнан, күнделікті бояудан косиюметикалық сүтшемен немесе лосьонмен жақсылап тазалап алыңыз. Бұл үшін көк шай да қажетке жарайды. Артынан жылы сумен шайып тастаңыз. Скрабпен тазалау жақсы әсер етуі үшін бет терісінің таза әрі жұмсақ болуы міндетті. Теріңізге күш түсірмей срабты бетіңізге жағыңыз. Процедураның әсер етуін жақсартуда жеңіл массаж жасауыңызға болады. Көз айналасындағы нәзік теріге массажға арналған жұмсақ щеткамен жағыңыз. Артынан көп мөлшердегі жылы сумен жуып, тоникпен сүртуге кеңес береміз. Теріңізде аздаған тітіркену мен қызарулар болуы мүмкін, сондықтан нәрлендіргіш крем жағып қойыңыз. Әдетте пилингтен кейін табиғи компоненттерден маска жасаудың пайдасы зор. Пилинг қоспаларын дайындау тәсілдері: Үй жағдайында пилингті ас үйдегі қарапайым азық-түліктердің көмегімен жасауға болады. Кофенің түбінде қалған қоюы, ас содасы және "Экстра" ұсақталған тұзы тазартқыш қасиеттерге ие. Осы аталғандардың кез келгенін алыңыз да, қосымша компонент ретінде банан сөлі және ұнтақталған геркулес, қаймақ немеме йогурт қосып араластырыңыз. Сүт сарысуы, түссіз хна немесе арнайы косметикалық балшықтар қосыңыз әсері арта түседі. Келесі пилингтің әсері одан да күштірек. Бұл үшін сізге 3%сутегі тотығы және балдыр қажет. Оларды дәріханадан табуға болады. Ұнтақталған балдырдың екі ас қасығын сутегі асқын тотығымен араластырыңыз. Қоспа қоймалжың болып, көпіршіктеніп тұруға тиіс. Таза теріге мақта тампонмен немесе саусақ ұшымен жағыңыз. Жеңіл массаж жасау арқылы теріңізге сіңдіріңіз. 15-20минут ұстап, артынан жылы сумен шайып тастаңыз. Тазаланған теріңізге косметикалық маска жасауыңызға болады. Немесе ылғалдандыратын крем жағыңыз да, өз сұлулығыңызға сүйсініңіз!
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар