Алманы жүйелі түрде жеу атероскклероздың дамуына жол бермейді.
Көптеген егде жастағы адамдарға "Атеросклероз" деген диагноз қойылады. Қартаюды болдырмайтын дәрілік құралдар жоқ, дегенмен аз мерзімге болса да тежеуге болады. Қан жолдарының ахуалын жақсартатын халықтық медицинада көптеген емдік тәсілдер жетерлік. Соның бірнешеуін KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады.
1. Күн сайын ашқарынға 1-1,5 стақан қайнаған су ішіңіз. Су қан жолдарын тазалап, түрлі қоқыстарды ағзадан шығарады.
2. Эмальды шәйнекке 1 ас қасық бүлдірген жапырағын салады да, үстіне қайнаған су құяды. Баяу отта 10минут қайнатып, ыдыстың сыртын қалың сүлгімен 2 сағатқа орайды. Сүзіп, 1ас қасықтан күніне 3-4 ретқабылдайды. Бүлдірген жапырағының зәр айдайтын қасиеті бар және тұзды шығарумен бірге холестериннің артуына жол бермейді.
3. Үлкен көлемдегі пиязды үккіштен өткізіп, шыны ыдысқа салады да, үстіне 1 стақан құмшекер себеді. Банканың қақпағын жауып, қараңғы әрі салқын жерде 3 тәулік сақтайды. Дайын қоспаны сосын 1 ас қасықтан қоспаны 1 ай бойы қабылдайды.
4. Көпшілікке белгілі болғандай сермене (мелисса) мидың жұмысын жақсартып, бастың айналғаны мен құлақтағы шуылды азайтады. Оны шай секілді демдеп ішеді. Сонымен бірге тұнба да дайындайды. 1 ас қасық шөпті керамикалық ыдысқа салады да, үстіне 1 стақан қайнаған су құяды. Ыдыстың сыртын матамен қымтап, 1 сағаттай тұндырады. Дәкемен тұнбаны сүзіп, күніне 3-4 рет 1/4 стақаннан ішеді.
5. Алманы жүйелі түрде жеу атероскклероздың дамуына жол бермейді. Жеміс холестерин деңгейін төмендетеді, және қан жолдарына қақтың тұрып қалуынан сақтайды. Оны қайнатылған, пісірілген және балғын күйінде жеседе шипалы.
Келесі мақала