Күйгелектену - қалыпты мінез болып саналғанымен уақыт өте келе жүйке жүйесінің түрлі дерттеріне соқтырады.
Күйгелектену - қалыпты мінез болып саналғанымен уақыт өте келе жүйке жүйесінің түрлі дерттеріне соқтырады.Ұрыс-керіс, шиеленіс, жұмыстан шаршаудың нәтижесінде психологиялық тұрғыдан адам шаршайды. Күйгелектіктің алғашқы белгілерін былай анықтауға болады деп жазады KYN.KZ сайты.
Қатты шаршайды және әлсіз келеді:
Айналадағы адамдардың сөзі мен қылықтары жақпайды:
Өзін ылғи кінәлі санайды, санасында жаман ойлар жүреді:
Тырнақ астынан кір іздеуге тырысады:
Ұйқы бұзылады, тәбет жоғалады:
Жұмыс істеуге, сабақ оқуға деген құлшыныс төмендейді:
Өзін қорғансыз сезінеді, көп жылайды:
Жалпы дерттің бұл белгілері пайда болуының себебі болады:
Түсінікті сөзбен айтқанда адамның ішкі дүниесінде мазалап жүрген ойлар сыртқа шықпайды және шығудың жолын таппайды.Мәселен, әйелі күйеуі үшін барлық жағдайды жасайды, дегенмен қайтарым ретінде ешбір жақсылық көрмейді, жылулықты сезінбейді, назарынан тыс қалады. Нәтижесінде жүйкеге салмақ түсе бастайды. Бұл тығырықтан шығуда психолог мамандар мынадай кеңестер ұсынады.
1. Күйгелектіктің адам денсаулығына кері әсерін тигізбеуін ойлаған дұрыс. Жылау, тынышталу, ойындағыны бүкпесіз айтып салу мұның бәрі жүйкеге жаттығу ғана болып саналады.
2. Проблемаларды ішке сақтамай, жақындарымен бөліскені жақсы. Сүйікті адамыңызбен, анаңызбен тіпті, кездейсоқ адаммен сыр бөлісуден қашпаңыз. Егер мүмкіндік болса сенім артатын адаммен құпияны бөліскеннің артықтығы жоқ.
3. Жалғыздық - күйгелектікке ұшырататын нағыз себептің бірі. Жалғыздықтан адам өзін ешкімге керексіз сезінеді. Сондықтан алдымен бұдан құтылудың амалын бірінші қарастырыңыз.Қонаққа, дүкенге жалпы адам көп жиналатын ортада көбірек болыңыз. Бейтаныс адамдармен танысыңыз, сөзге тартыңыз, өмірлік көзқарасыңыз тоғысатын адамдармен жиі сөйлесіңіз. Өмірде барлық адамда қиындықтар болатыны белгілі. Өз жағдайыңызды басқалармен салыстырыңыз. Кейде жағдайыңызды айтып жақындарыңыздан көмек сұраудан арланбаңыз.
4. Өмір мәнді де сәнді болу үшін адам армандай білуі қажет. Сонымен бірге армандап ғана қоймай, оны жүзеге асыруда әрекет жасаңыз. Бұл әрекет адамды өзін өзі қолға алуға жетелейді. Күніне 5-10минутты армандауға арнаңыз. Кім болғыңыз келеді, бай және бақытты болу үшін не қажет? Ойда жүрген бар арманды қағаз бетіне түсірудің артықтығы жоқ.
Жүзеге асыруда арманның ең жеңілінен бастаңыз.
5. Кішігірім демалыс ұйымдастыру жүйке жүйесімен қатар адам ағзасына толықтай пайдасын тигізеді. Бұл күш қуатты қалпына келтіріп, энергияны жинауға көмектеседі. Осы орайда күніне кем дегенде жарты сағат таза ауада жүруді әдетке айналдырыңыз. Мамандардың зерттеуіне қарағанда үйде ұзақ отырудың өзі аталмыш дертке итермелейтін көрінеді.
6. Физикалық жаттығулар да стрессті, шаршауды басады. Мұны күнделікті үйде немесе фитнес - клубта жүзеге асырыңыз.
7. Тағамның құнарына да мән беріңіз. Себебі күйзеліс кезінде ағзада стресс гармондарының саны артады. Дұрыс тамақтанбау мен құнарсыз ас та дертке жол береді.
Келесі мақала