Басты жаңалықтар
Баланы оңай жолмен емшек сүтінен қалай шығаруға болады?
- автор kyn.kz
- 24 қаңтар, 2020
- 2.1k
Бүгінгідей заманда көп аналар ертерек баласын емшек сүтінен шығарып, жұмысқа шығып кетуге асығады. Алайда сәбидің 2-3 жас аралығында емшектен шығарған дұрыс екен.
Баланы емшек сүтімен қоректендіру-бұл да бір өмірдің заңдылығы. Қай ана болмасын сәби сүюді қалай армандап, аңсаса, оны емізіп, иісін иіскеуді де слай айтатыны рас. Жас аналар әрине бірінші сәбиін дүниеге әкелгенде оны емшектен шығаруды білмеуі мүмкін. Әйтсе де сәбиді 2 жасқа дейін емізген артықтық етпейді. Түбінде әрине баланы емшектен шығаруға тура келеді. Мұндай жағдайда не істеу қажет? Жас ана өзін де, нәрестесін де көп қинамай омырау сүтінен қалай арылтуына болады?- деген сұрақтарға KYN.KZ сайты жауап береді.
Бұл үшін бірінші кезекте емшек сүтінің азайып, тартыла бастағанын күткен жөн дейді мамандар. Осындай жағдайда ғана бала да, ана да қиналмайтын көрінеді. Уақыт өте келе ана сүті азайып, көлемі де кішірейе береді. Осыдан сүттің тартыла бастағанын байқауға болады.
Баланы емшек сүтінен қай уақытта шығарған дұрыс?
Бүгінгідей заманда көп аналар ертерек баласын емшек сүтінен шығарып, жұмысқа шығып кетуге асығады. Алайда сәбидің 2-3 жас аралығында емшектен шығарған дұрыс екен. Дәл осы уақыт аралығында баланың сору рефлексі азайып, емшектен тез шығып кетеді. Ал, егерде бұдан ерте уақытта балаңызды еміщуден арылтқыңыз келсе, сүтіңіз оңайлықпен тартылмай, көкірек ісінуіне апарып соғуы мүмкін.
Одан қала берсе емшектің қабыну дертіне щалдығуыңыз мүмкін. Сондықтан да көкіректі байлап, суды аз ішуге тура келеді. Сонымен қатар, баланың емшек сүтінен шығарарда көпшілік әйелдер бір аптаға дейін баласына көрінбей немесе сәбиін ата-анасының үйіне апарып тастап жатады. Кей жағдайларда мұндай мүмкіндік болмай, анасы баласының қасында жүріп те емшек сүтінен шығаруға әрекет жасайды.
Мұндайда әрине бала мазасызданып, біраз күнге дейін емшек сүтін аңсап жүреді. Осындайда баланың көңілін басқа жаққа аударып, ойыншықтармен алдаусыратқан жөн. Ең аллымен анасы баласына: "Оны емізгенде көкірегінің ауыратынын, әрі онымен бірге аулаға шығып ойнай алмай қалатынын" айтып түсіндірсе, бала өз өзінен емшек сүтінен бас тартып, соған бейімделе бастайды. Себебі, оның жасында мұндай ауырсынуды олар түсінеді.
Баланы емшек сүтінен арылтуға қай мезгіл ыңғайлы?
Әрине мамандардың айтуы бойынша жаз айларында мұндай әрекетті жасамаған дұрыс. Сондай-ақ отбасы мүшелерінің бірі қатты ауырып жатқан кезде де баланы емшектен шығармаған абзал. Мұндайда 2-3 айдан кейін-ақ, бұл әрекетті бастауға болады. Баланы емшектен шығарарда оның көзіне түспеудің амалын жасап, сәбиіңізден қашқақтаудың қажеті жоқ. Керісінше мұндайда балаңызға қызықты ертегі айтып, кітап оқып берсеңіз болады.
Сондай-ақ, сәбиіңізді алдыңызға отырғызып алсаңызда артықтық етпейді. Әрқашанда оған қамқор болып, мейіріммен қарап, балаңызды аймалап, еркелетуді ұмыт қалдырмаңыз. Сонда ғана сәбиіңіздің бойында ешқандай өзгеріс орын алмай, тынышы да бұзылмайтын болады. Ал, сіз мұндай әрекет жасамай, балаңыздың көзіне көрінбеуді ойлап, оған жекіре, ұрыса сөйлеп, осылайша емшектен тез шығарамын деп ойласаңыз қатты қателесіз.
Келесі мақала