Басты жаңалықтар
Шынтаққа қара дақ неліктен пайда болады? Емдеу жолдары
- автор kyn.kz
- 25 қаңтар, 2020
- 1.3k
Қара дақ-жүйелі түрде пилинг жасамағандықтан, гигиенаны дұрыс сақтамау, құрғақ теріден, ағзаға дәруменнің жетіспеушілігі, киімнің материалы теріге жақпаса, күн сәулесін шамадан артық қабылдаудан пайда болады.
Шынтақ пен тізедегі қара дақ әйел затының әлсіз тұсы. Теріге шығатын қара дақ неден пайда болады және одан құтылудың жолдарын KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады.
Қара дақ-жүйелі түрде пилинг жасамағандықтан, гигиенаны дұрыс сақтамау, құрғақ теріден, ағзаға дәруменнің жетіспеушілігі, киімнің материалы теріге жақпаса, күн сәулесін шамадан артық қабылдаудан пайда болады.
Тері өте құрғақ болғандықтан түлейді де, өлі жасушалар жиналады. Одан дер кезінде арылмаса жиналып-жиналып қара даққа айналады. Оның алдын алуда терісі құрғақ жандар, тазалау мен ылғалдандыруды қатар жүргізгені дұрыс.
Пилинг (езден соң) зәйтүн майы немесе крем жағады. Ағартуда лимон шырыны немесе қабығымен сүртеді. 10 минуттай сіңіреді де жуып тастайды.
Ағартудың екінші бір тәсілі: 1 шай қасықтан Е дәрумені (капсулада), лимон шырыны, глицирин және 4 ас қасық сүтті араластырады. Араласпаны қарайған жерге уқалап жағады, 10-15 минуттан соң сумен шаяды.
Скраб: Сода мен лимон шырынын араластырады. Қою қоспаны шынтаққа және тізедегі даққа сіңіріп жағады, ол 20 минуттай тұрады. Соңынан дылы сумен шаяды, бұл қоспа өлі жасушалардан арылтады.
Скраб: Қаймақ пен тұзды араластырып дақтың үстіне жағады. Жуып, құрғатып нәрлендіретін кремді пайдаға жаратыңыз.
Маска: Картопты үккіштен өткізіп, шынтақта 3 сағаттай ұстайды. Бұл әдіс теріні ағартады.
Бұлау: Аптасына 1 рет бұлау жасайды. Жылы суға сода мен душқа арналған гельді салады да шынтақты бұлауда ұстайды. Бұлауға салмас бұрын шынтаққа крем жағады.
Келесі мақала