Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар

Ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар
ашық дереккөз
Бір адаммен сұзбаттасқан кезде оның не айтып отырғанын ойланып, сізге айтқан әрбір сөзіне мән беріңіз. Сөздердің бәрін қайтадан ой елегінен өткізіп, содан кейін ғана жауап беруге дағдыланыңыз.
Қазіргі уақытта ойланбай сөйлей салатын адамның саны көп. Соның нәтижесінде ұрыс-керіс туындап, жанжал шығып жатады. Бірақ та ойлау қабілетін арттыру арқылы мұндай келеңсіздіктерден арылуға болады. Ол үшін KYN.KZ сайты ұсынған төменде берілген жаттығуларды жасаңыз. 1-жаттығу "Жақын жол" деп аталатын бұл жаттығуда алдымен екі сөзді таңдап аласыз. Бірінші сөзді соңғы екі әріпінен басталатын сөзді ойлап табуыңыз керек. Мысалы үшін, "компьютер"  және "екінші" деген сөдерді алайық. Сонымен бастаймыз:  Компьютер-ерекше-шебер-ермек-екінші деп жалғасып кете береді.   2-жаттығу. Бір адаммен сұзбаттасқан кезде оның не айтып отырғанын ойланып, сізге айтқан әрбір сөзіне мән беріңіз. Сөздердің бәрін қайтадан ой елегінен өткізіп, содан кейін ғана жауап беруге дағдыланыңыз.   3-жаттығу. Үлгі бойынша сөйлеу. Яғни, бір сөзді алып, оның әрбір әрпіне сөз құраңыз. Ол сөздер бір-бірімен байланысып тұруы шарт. Мысалы, "АЛМА" деген сөзді алатын болсақ, "Алматылықтар лайықты мәртебе алады"  секілді сөйлемді құрауға болады.   4-жаттығу. Бір сөзге көптеген синоним сөздер ойлап табыңыз. Оған мысал, ақша, қаражат, теңге, қолма-қол ақша т.б   5-жаттығу Көзіңізге көрінбей тұрған бір нәрсені ойлап, сол арқылы әңгіме құрыңыз. Кейіннен құрастырған әңгімеңізге қатысты сурет салып көріңіз. Міне осылайша ой-өрісті дамытуға болады екен.   6-жаттығу Өзіңіз ойдан күлкілі өлең шумақтарын шығаруға дағдыланыңыз. Мұндай жаттығудың ойлау қабілетті дамытуға тигізер пайдасы көп.   7-жаттығу Өз-өзіңізге көп сұрақтар қойыңыз. Оның түрлі-түрлісін ойлап табыңыз. "Біз неге осылай сөйлейміз?"  "Біз неге адамды адам дейміз?". Осы сияқты өзіңіз түсінбейтін сұрақтарды көптеп құрастыру қажет.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар