Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үй жағдайында пайдалы әрі дәмді шырынды қалай дайындауға болады?

Үй жағдайында пайдалы әрі дәмді шырынды қалай дайындауға болады?
ашық дереккөз
Жеміс-жидектерді сатып алып, қолдан өзіңіз дәмді әрі пайдалы шырын жасап ішуіңізге болады.
Дәрумендердің қайнар көзі жеміс-жидектер мен көкөністер екені белгілі. Ал ағзаны қажетті дәрумендермен қамтамасыз ету үшін міндетті түрде дүкендегі дайын шырынды сатып алудың қажеті жоқ. Оның орнына жеміс-жидектерді сатып алып, қолдан өзіңіз дәмді әрі пайдалы шырын жасап ішуіңізге болады. Қолдан жасалған шырынның тиімділігі біріншіден, ешқандай қоспасыз болса, екіншіден қалтаңыздағы ақшаны еселеп жұмсамайсыз. Ендеше, KYN.KZ сайты сіздерге үй жағдайында дәмді әрі пайдалы шырындардың жасалу жолдарының бірер рецептерін үйрететін болады. Алма шырыны Қажетті өнімдер: Алма Құмшекер Дайындалу тәсілі: Алманы тазалап жуып, екіге бөлесіз. Ішіндегі дәнектерін тазалап, шырыншыққыштан немесе еттартқыштан өткізесіз. Көпіршігі басылған соң ыдыстың аузына дәкені қойып, сүзесіз. Сосын шырынға құмшекерді салып араластырасыз да мұздатқышқа салып қоясыз. Бірер сағаттардан кейін дәмді әрі пайдалы табиғи шырынды іше беруіңізге болады. Құлпынай шырыны Қажетті өнімдер: Құлпынай Су Құмшекер Дайындалу тәсілі: Құлпынайды жуып тазартасыз. Блендермен езесіз. Толық езілген соң үстінен шамалы су мен құмшекерді саласыз. Тағы да шамалы блендермен араластырып, тоңазтқышқа саласыз. Бірер минуттардан кейін іше беруіңізге болады. Банан шырыны Қажетті өнімдер: Банан Су Құмшекер Дайындалу тәсілі: Бананды аршып блендерден өткізесіз. Су мен құмшекерді салып қозғайсыз. Тоңазытқышта бірер минуттарға салып қоясыз. Дайын болған шырынды қонақтардың да дастарханына қоя беруіңізге болады. Судың орнына сүт қоссаңыз да шырын өте дәмді болады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар