Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?
ашық дереккөз
Бір көзге қолданған су мен шүберекті екіншісі көзге қолданбаңыз.
Ұйқыдан оянған сәбиіңіздің көзі былшықтанып тұрса, онда қолыңызбен сүрте салуға еш асықпаңыз. Кейбір аналардың осындай салғырттығының кесірінен балалар түрлі көз ауруларына ұшырауда. Сондықтан да былшықтанған көзді жылы сумен кезек-кезек сүртіңіз. Бір көзге қолданған су мен шүберекті екіншісі көзге қолданбаңыз. KYN.KZ сайты баланың көзі былшықтанған кезде жасалатын пайдалы кеңестерді ұсынады. Сонымен қатар 1 ас қасық түймедақты жарты стақан қпйнатылған суға салып, тұндырыңыз. Жарты сағаттан соң осы тұнбамен балаңыздың көзін сүртіп, бетін жуыңыз. Сондай-ақ, 1 дана фурацалин таблеткасын 200 мл суға ерітіңіз немесе марганцовка ертіндісі де көздің былшықтануына жақсы кқмектеседі. Осы емді жасап болғаннан кейін көзді тыныштандыратын тамшы тамызыңыз немесе мазь жағып қойыңыз. Емді сәбиіңіздің әр ұйқыдан тұрған кезде жасаңыз. Үнемі балаңыздың бетін, қолын сабынды сумен жуып тұрыңыз. Өйткені кішкентай ғана олар ненің лас екенін білмейді. Тіпті аяғының тазалығына да мән беріңіз. Өйткені бала аяғын да аузына салып, бетін ысқылауы мүмкін. Сондықтан да бала денсаулығы оның дене тазалығынан бастау алатынын ұмытпаңыз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар