Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баланың ішін жұмсартуға көмектесетін тағам түрлері

Баланың ішін жұмсартуға көмектесетін тағам түрлері
ашық дереккөз
Балаңызға өз ретімен айрандық беріп тұрсаңыз, оны іш қатып қиналуына жол бермейсіз.
Кез келген жастағы баланы іш қату мазалайды. Сондайда дәрігерге жүгірмей, табиғи тағамдарды бергеніңіз жөн болады.Ол баланың іш ауруына дауа болады әрі ағзасын қажетті дәрумендермен толықтырады. Ендеше ішті қатырмайтын тағамдарды KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады. 1. Зәйтүн майы Бұл май қандағы холестерин молшерін азайтып,иммундық жүйені қалпына келтіреді.Балаңызға дайындаған көкеніс немесе картоп,сәбіз езбесін 1шай қасық зәйтүн майын қоссаңыз,балаңыздың іші жазылады әрі ішектерді жақсы жұмыс істейді. 2. Кептірілген жемістер Сіздің балапаныңызға 3 жастан асқан болса, онда кептірілген өрік пен қара өріктің көмегіне жүгінсеңіз болады. Егер балаңыз кішкентай болса,онда осы жемістерді қайнатып шырынын бергеніңіз жөн. Бұл жемістер ішектің суықтағанда емдеп, шлактан тазартады. 3. Сұйықтық Іш қату кезінде көп мөлшерде сұйықтық шабдалыдан, өріктен жасалған шырындарды, шөп шайды, түрлі жемістен жасалған нәрсуды атауға болады. Ал сусын мөлшерін балаңыздың жасына қарай педиатр дәрігеріңізбен кеңескеніңіз дұрыс. Тіпті ыстығы шыққан балаға да көп мөлшерден сұйықтық ұсынылып жатады. Есіңізде болсын, іші қатып қиналып отырған балаға жылы су, какао немесе қою шай бермеңіз. Ондай жағдайда ауруын одан әрі асқындырып алуыңыз мүмкін .Ыстық сусындар ішектің жұмысын баяулататынын. 4. Сәбіз шырын Бұл көкеністен жасалған шырын көптеген аурулардың алдын алады. Атап айтқанда, иммунитті көтереді ,көздің көру қабілетін жақсартады, қалқанша без ауруын емдейді, бауыр -бүйректі және ішекті аурудан айықтырады. Бірақ еш қоспасыз шырынды ұсынбаңыз. Бірдей көлемде сумен араластырып, аз көлемде зәйтүн майын тамызыңыз. Содан бұл айықтырады әрі іш қатуды жазады. 5 Асқабақ Құрамында каротинге, пектинге , жасұныққа бай асқабақтан түрлі тағам дайындауға болады. Одан жасалған ботқаның өзі бала денсаулығы үшін өте пайдалы. Асқабақ ең алдымен ішектің жұмысын жақсартады. Естеріңізде болсын, балапаныңыздың аллергиясы болса,бұл көкөністен шектеп бергеніңіз дұрыс. 6 Қызылша Қызылша өнімі ағзадағы артық қышқылдарды жойып, ішектің жұмысын жақсартады. Сондықтан да мүмкіндігінше балалар дастарханынан қызылшадан жасалған борщ пен винегрет салаты үзілмеуі тиіс. 7 Қышқыл сүт өнімдері Айран, йогурт, секілді сүт өнімдері міндетті түрде балаңыздың ас мәзірінен табылсын. Жаңадан дайындалған сүт өнімдері әсіресе үйде өз қолыңызбен жасалған өнімдері ішектің жақсы жұмыс істеуіне оң ықпалын тигізеді. Сіздің балаңыздың іші қатып, үлкен дәретке шыға алмай жүрсе, онда түскі астан соң немесе жатар алдында сүт өнімдерін бергеніңіз дұрыс. Балаңызға өз ретімен кефир беріп тұрсаңыз, оны іш қату ауруынан қорғайсыз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар