Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тест: телефонмен сөйлескенде қандай сурет салсаңыз соған сай психолог қорытындысы бар

Тест: телефонмен сөйлескенде қандай сурет салсаңыз соған сай психолог қорытындысы бар
ашық дереккөз
Шахмат салатындар, үнемі алда жүргені жақсы көреді, жеңілісті мойындағысы келмейді.
Егер біреумен сөзге келіп қалғанда оның көзқарасымен ешқашан келіспейді, кешіріммен қарамайды және жол да бермейді. Телефонмен сөйлесіп отырып адамдар қолына қарындаш түссе, көзіне түскен қағазды шимайлай бастайды. Мұны да психолог-мамандар назардан қалдырмапты. Осы суреттерге қарап, мінезді былай айқындапты. Яғни, Сіз телефонмен сөйлесіп отырып қандай суретті көп саласыз? KYN.KZ сайты осы тақырыпты талқылайды. 1. Қол қою 2. Ширатпа немесе ирек сызықтар 3. Квадрат және төркөз 4. Үй және симметриялық суреттер 5. Гүл, табиғат, күн, бұлт 6. Шахмат 7. Дөңгелек, айқыш-ұйқыш суреттер Қол қою Менмен, өзімшіл адамдар қол қойғанды жаны сүйеді. Яғни сіз де сондай жандардың қатарынансыз, өзіңізді қатты бағалайсыз әрі жақсы көресіз. Мұны тым жаман қасиет деп айта алмаймыз, дегенмен айналаңыздағы жандар сенім арта алады ма? Осыны ойланып көріңіз. Ширатпа немесе ирек сызықтар Мұндай суретті жиі шимайлайтындарда үлкен проблема бар деген сөз. Тығырықтан шығатын жолды, амалды таппай көп қиналды. Егер сызықтар жуан болатын болса, онда оның жанына тым маза бермейтін анық. Квадрат, тор көз Бұл да мазалайтын бір істің бар екендігін аңғартады. Мұнда салынған суреттегі әрбір сызықтарға қарап (көлеміне қарай) қиындықпен күресетін арық күштің керектігін білдіреді. Үй және симметриялық суреттер Мұндай жандар ұқыпты келеді және дұрыс шешім қабылдай алатындар. Олар мақсатына жетуде өзіне не керектігін жақсы біледі. Артқа шегінбейді, қолға алған ісін соңына жеткізеді. Гүл, табиғат, күн, бұлт Өмірге құштар және көңілді жүретін адамдар үнемі осы суретті салады. Ойлауы және қиялы мықты болғандықтан ұжым арасында оқ бойы алда жүреді және оптимист. Шахмат Үнемі алда жүргені жақсы көреді, жеңілісті мойындағысы келмейді. Егер біреумен сөзге келіп қалғанда оның көзқарасымен ешқашан келіспейді, кешіріммен қарамайды және жол да бермейді. Дөңгелек, айқыш-ұйқыш суреттер Айналаңыздағы адамдардың бұлар жайындағы пікірі жаман емес. Олар серіктестікке, келісімге келуге әрқашан дайын жандар. Бұлар өздерін ешқашан жалғыз сезінбейді, әрдайым адамдармен ойында, сырын бөлісіп жүреді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар