Басты жаңалықтар
Әйелдер жарты немесе бір жылда гинекологқа қандай анализдер тапсырып тексеріліп тұрғаны дұрыс
- автор kyn.kz
- 5 ақпан, 2020
- 1.5k
Әр анализдің өз дайындығы бар екенін біле жүріңіз
Сіздің отбасыңызда қуанышты жаңалық – сіздерде бала дүниеге келмек. Көптеген болашақ аналар жүктілікке және босануға қатысты түрлі сұрақтарға тап болады: «Қалай дұрыс тамақтану қажет?», «Қандай талдаулар тапсыру қажет?», «Босану қала өтеді екен?»,
Алайда жүктілік кезінде ғана емес, босанып болған соң да гинекологқа тексеріліп, анализдер тапсыру керектігін басты назарға ала бермейміз. Бүгін «Гинекологқа барғанда қандай анализ тапсырамыз?»-деген сұрақтарға KYN.KZ сайты жауап береді.
⠀
Жылына 1 рет гинекологта тапсыратын анализдер тізімі:
⠀
1. Онкоцитологияға мазок
⠀
Міндетті түрде жылына 1 рет өту қажет. Осылайша, дәрігер жатыр мойнындағы қауіпті өзгерістерді анықтай алады. Тұрмыстағы келіншектерге міндетті түрде тапсыру қажет.
⠀
2. Жасырын инфекцияларға мазок
⠀
Кейбір инфекциялар мазок на флору, яғни флора мазогы анализінен анықталмайды. Бұл анализ түрі сол жасырын инфекцияларды анықтау үшін. Егер сізде қышу, ашу,қынаптан белгісіз выделение болса, бұл анализді міндетті түрде тағайындайды. Бұл анализ түрін жылына 1 рет міндетті түрде өту қажет, себебі кейбір аурулар симптомсыз болуы да мүмкін
⠀
3. Мазок на флору
⠀
Мазоктың нәтижесі түрлі инфекциялардың бар/жоғын көрсетеді: кандидоз, молочница, бактериялық вагиноз. Егер дәрігер инфекцияны анықтаса, қосымша тексеру тағайындайды.
⠀
4. Кіші жамбаста УДЗ (УЗИ) жасау
⠀
Етеккірдің 3-8 күндері аралығында жасау қажет. Бұл аналық без және фаллопия түтіктері, жатыр ауруларын диагностикалаудың ең жақсы әдісі.
⠀
5. Кеудеге УДЗ (УЗИ)
⠀
Циклдың 4-16 күніне дейін. Сонымен қатар, Сізге ай сайын кеудеңізді тексеріп тұрған абзал, егер кеудеңіздің тығыздануын байқасаңыз бірден дәрігерге жүгініңіз.
⠀
Мазок тапсырар алдында:
⠀
1 тәулік ЖҚ түспеңіз
Соңғы 2 апта антибиотиктерді қабылдамаңыз
Спринцовка қолданбаңыз