Басты жаңалықтар
Айғаным Қорабаева Асхат Садырбайдан көрген қорлығы жайлы айтты
- автор kyn.kz
- 5 ақпан, 2020
- 1.2k
3 жасар баласын 20 күн бойы көрмеген ана заңгерлерден көмек сұрайды
Айғаным Қорабаева 3 жасар Зейінді көре алмай жүргеніне жарты айдың болғанын айтты. Сөзінше Астанада тұрып жатқан. Күйеуі оны алдаусыратып баланы өз анасымен бірге тығып қойған. Содан бері жас ана өзінсіз ұйықыға жатпайтын баласын бір көруге, телефонмен сөйлесуге зар болып отыр екен.
Бұл жөнінде KYN.KZ тілшісіне Айғаным Қорабаеваның өзі айтты.
"Біз бес жылға жуық бірге тұрыппыз. Ешқашан жадырап жақсы тұрдық деп айта алмаймын. Үнемі ұрыс-керіс. Ол кісінің маған қол көтеріп, қорлаған кездері де болды. Азаматтық намысына тимеу үшін бол жөнінде артық айтқым келмейді.
Бір кезде қатты жанжалдан кейін сотқа шағымданып, ажырасатынымды айттым. Ол кісі қол көтергені үшін істі боламын деп қорықса керек, кешірім сұрады. "Бірге бақытты өмір сүреміз" деген уәде берді. Мен кешіріп Нұр-Сұлтанға қайта бардым. Бірақ арада уақыт өткеннен кейін осындай жағдай болып тұр. Сотқа оның өзі шағым түсірді.
Түн мезгілінде заттарымды жинауға уақыт беріп, есіктен шығарып, өзі іштен жауып алды. Астанада бір туысым жоқ. Амалдап дегенде оңтүстікке жеттім. Ата-анам тұратын Меркіге келдім. Астанада үйден шығарып жіберген кезде ұлымның әкесі "Зейінді апасымен бірге Шымкентке жібердім" деді.
Ойым Меркіге жақындап алсам, Шымкентке барып ұлымды алып кету болды. Бірақ Шымкенттен баламды таппадым. Асхат ұлды апасымен бірге Нұр-Сұлтанда тығып алып қалыпты. Оны кейіннен естідім.
Содан бері маған сот біткенше баланы бермейтінін айтып отыр. Анамның мәлімдемесі де рас. Ол кісі де менімен бірдей алаңдап отыр. Баламды бір көруге зар болдым. Маған Асхаттан ештеңе керек емес тек баламды аман-сау берсе екен"-деді жас ана.
Айғанымға тура қазір ана мен баланың құқығын қорғайтын заңгерлердің көмегі қажет екен. Себебі ол тура осы жағдайдың әдейі ұйымдастырылып жатқанына сенімді. Айғаным арандату әрекеттерінің құрбаны болып ұлымнан айырылып қаламын ба деп алаңдайды.
Ескерту: материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет.