Басты жаңалықтар
Бүкіл бетпердені Қытайға салып жібергендіктен қазақстандықтар масканы шетелден алуға мәжбүр
- автор kyn.kz
- 6 ақпан, 2020
- 225
Ірі қалалардағы дәріханалардың көбінде медициналық бетперде таусылып қалған
Бетперденің бәрін Қытайға зытырған. Отандық өндірушілердің осы әрекетінен елімізде медициналық бетперде тапшылығы туындапты. Соған байланысты оны шетелге экспорттауға шектеу қойылды.
"Бетперде өндірушілер мен дистрибьюторлердің әдепке сай емес мінез-құлқын атап өткіміз келеді. Олар барлық қорларын Қытайға сатқан.
Осыған байланысты Үкімет экспортқа тыйым салып отыр. Отандық өндірушілер халық сұранысын қамтамасыз ете алмай отырғандықтан, біз шетел өндірушілерімен бетперде алуға осындай жоспар құрып отырмыз",- дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Тапшылық кесірінен еліміз медициналық бетперделерді енді сырттан сатып алмақ. Ал жалпы, 6-шы қаңтардан бері елімізге Қытайдан келген азаматтар ішінде жүзден астам адам қауіпті вирус күдігімен ауруханаға жатқызылса, олардың 80-нен астамы қазір үйіне жіберілген. Яғни, еш белгі табылмаған. Дегенмен әлі де 30 адам дәрігерлердің бақылауында.