Басты жаңалықтар
Бетіңізге шыққан безеуге қарап қай ағзаңыздың жұмысы бұзылғанын біліңіз
- автор kyn.kz
- 6 ақпан, 2020
- 1.3k
Адамның бетіндегі дақ пен бөртпелер ішкі ағзасындағы ақаудан хабар береді
Беттегі безеулер адамның іш құрылысындағы аурулардың бар екенін білдіретінін біріміз білсек, біріміз біле бермейтініміз анық. Олардың орналасқан бөлігіне қарап, қандай органда ақау бар екенін бірден білуге болады.
⠀
Мысалы:
1. Маңдайдағы безеу (қас үстінде).
Безеудің маңдайға шығуы ас қорыту жолдарындағы проблемаларды білдіреді. Бұл жерде асқазан ғана емес, ұйқы безі немесе өт жолы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
⠀
Егер безеулер маңдайдың шашқа жақын бөлігіне қарай шықса, онда себепті өт жолдарынан іздеген дұрыс. Ал егер бөрткендер қасқа қарай жақындап шықса, ішек жолдарының өзінің қызметін дұрыс атқара алмай жатқанын білдіреді.
⠀
2. Кеңсірік үстіндегі безеулер (қастардың арасында). Қастар арасындағы безеу көбінесе бауыр қызметінің нашарлауынан шығады. Бауыр қызметінің ішімдіктің, майлы тағамның, сүт өнімдерінің салдарынан нашарлайтынын білеміз. Сол себепті олардан бас тартуға тура келеді. Сондай-ақ құрамында ақуызы көп тағамдарды да уақытша қолданбауға тырысу керек. Сонымен қатар, үнемі дене шынықтырумен айналысып, ұйқыңызды қандыруға тырысыңыз.
⠀
3. Көздің айналасындағы безеулер.
Көздің маңайына шығатын кез-келген бөрткендер де, көз астының ісуі бүйректе ақау бар екенін немесе ағзаға судың жетіспейтіндігін білдіреді. Сондықтан көбірек сұйықтық ішкен жөн.
⠀
4. Мұрын үстіндегі безеулер.
Мұрын үстіндегі безеулер нені білдіреді деп сұрасаңыз, оған бір ғана сөзбен жауап беру мүмкін емес. Себебі беттің бұл аймағындағы безеулердің себептері әртүрлі болады.
⠀
Оның басты себептерінің бірі – терідегі майдың артуына байланысты мұрын үстіндегі тесіктер. Біздің мұрнымыз әрдайым ашық болатындықтан, оның үстіне шаң мен ауадағы басқа да қалдықтар түседі. Ал кейбір адамдар мұрнының үстінде қара дақтар пайда болады.
⠀
Екінші себебі — гормондық тепе-теңдіктің жойылуы. Бұл көбінесе жасөспірім кезде пайда болады.
⠀
Үшінші себеп — жүрек қызметінің нашарлауы. Мұрнының үстіне безеу шығатын адамдар өзінің артериялық қысымына және В дәруменінің деңгейіне көп назар аудару керек. Сонымен қатар холестерин мөлшерін де тексерту қажет. Оны ретке келтіру үшін,«нашар» майлардан бас тартып, балық, зығыр дәні, авакадо майы сияқты «пайдалы» майларға көшкеніңіз жөн.
⠀
5 Беттегі безеу
Адамның екі бетіндегі безу тыныс алу жолдарындағы проблеманы білдіреді. Бұл безеу шылым шегетіндер мен аллергиясы барларда жиі кездеседі. Мұнымен күресу үшін тәттіден бас тартып, таза ауада серуендеудің пайдасы зор.
6 Ерін айналасындағы безеу
Бұл адамның гормонында өзгерістер бар. Сонымен қоса ол адамның күйзелісте жүргенінен ақпарат береді. Бұдан құтылу үшін адам жаны демалу керек. Ұйқыны қандырып, суды көп ішіп, жемістерді жиі тұтыныңыз.
7 Иектегі безеу
Ас қорыту жүйесіндегі мәселелер иекке безеу шығуына әсер етеді. Жеңіл тамақтанып, табиғи әрі жеіл тағамдарды тұтынып көріңіз. Әйел адамдарда жыныс безінің жұмысындағы ақау кезінде иекке безеу шығады. Иммунитет түскен кезде де. Дәрігерге қаралып, қан сынамаңызды тапсырып көргеніңіз дұрыс.
Келесі мақала