Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыда 14 жастағы қызды өгей әкесі мен туған шешесі бірнеше жылдан бері зорлап келген

Қарағандыда 14 жастағы қызды өгей әкесі мен туған шешесі бірнеше жылдан бері зорлап келген
ашық дереккөз
Сот ерлі-зайыптыларға өз үкімін шығарды
Қызға қатысты зорлық-зомбылық жасалғанын полицияға туыстары хабарлаған. Сот ерлі-зайыптыларға үкім шығарды.
Қарағандыда қызды зорлаған өгей әкесі мен туған анасы сотталды. Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметіне сәйкес, қызға бір жыл бойы зорлық көрсетілген, деп хабарлайды Liter.kz. Отбасының жақындары мұндай сұмдық туралы мүлдем білмеген. Кейін қыздың өзі оларға айтып, көмек сұраған. Ақпарат бірден полицияға берілді. Қыздың өгей әкесі мен туған анасы қамауға алынды. Сарапшылар 2006 жылы туған қызға қатысты азғындық пен зорлық жүйелі түрде жасалғанын анықтады. Сондай-ақ, ерлі-зайыптыларға қылмыстық кодекстің 312-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес ("кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау") айып тағылды. Судья Қайрат Қасымов жәбірленушіні сот залына қайта шақырған жоқ. Қызға психологиялық жағынан қиын болмау үшін оның бұған дейін берген түсініктемесі есепке алынды. Іс қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі ("зорлау, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау), 120-бабы 4-бөлігі ( "кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты зорлық жасау" және 312-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес ("кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау") қаралды. Қыздың өгей әкесі 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Анасы 16 жылын түрмеде өткізеді.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар