Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкенттің атышулы әкімі қайта оралды

Шымкенттің атышулы әкімі қайта оралды
ашық дереккөз
Ғабидулла Әбдірахымов туралы не білеміз?
Күні кеше республикалық маңызы бар қала статусына ие болған Шымкент қаласының әкімі қызметіне бұрынғы басшы Ғабидолла Әбдіраxымов тағайындалды, деп KYN.KZ  Спутник сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ғабидолла Раxматоллаұлы 1975 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген ол 2015 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың қараша айына дейін Шымкент қаласын басқарды.   Ғабидолла Әбдіраxымов сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентке әкім боп тұрған кезінде тұрғындардың ыстық ықыласына бөленген креативті әкім бола білді. Тіпті бұл лауазымынан босағанда көптеген шымкенттіктер оны қимастықпен шығарып салды.   Айта кетейік, Шымкенттің су жаңа "мэрі" бұрынғы басшы Нұрлан Сауранбаевтың орнын алмастырды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар