Елімізде айлық есептік көрсеткіш көлемінің өсуіне байланысты бірқатар құжаттың бағасы қымбаттады
Қазақстанда бірінші сәуірден бастап бұған дейін 2 651 теңгеге тең болған айлық есептік көрсеткіш 2 778 теңге мөлшерінде бекітілді. Осындай өзгеріске байланысты құжаттарды ресімдеу бағасы да қымбаттады, деп хабарлайд KYN.KZ.
АЕК салық түрлері мен мемлекеттік баж секілді төлемдер, сонымен қатар зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін пайдаланылады.
Өзгерген баға:
- Паспорт алу үшін мемлекеттік баждың құны – 8 АЕК немесе 22 224 теңге
- Жеке куәлік бағасы – 0,2 АЕК немесе 555,6 теңге
- Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК немесе 3 473 теңге
- Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі
- Некені тіркеу – 1 АЕК немесе – 2 778 теңге. Неке туралы куәлікті қайта беру – 1 389 теңге
- Ажырасуға арыз берген кезде мемлекеттік баж құны – 2 АЕК немесе 5 556 теңге.
Келесі мақала