Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сәуірден бастап жүргізушілерге айыппұл мөлшері өсті

Сәуірден бастап жүргізушілерге айыппұл мөлшері өсті
ашық дереккөз
Бұдан былай көшеге жеке басыңызды куәландыратын құжатсыз жүрсеңіз 20 мың теңгедей айыппұл төлейсіз
Тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз жүргендерге 7 АЕК немесе 19 446 теңге көлемінде айыппұл салынады.
Қазақстанда 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңгеден 2 778 теңгеге дейін өсті. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) салық түрлері мен мемлекеттік баж секілді төлемдер, сонымен қатар зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде пайдаланылады. Карантин режимі ережелерін бұзғаны үшін – 5 АЕК-тен 10 АЕК-ке дейін немесе 13 890 теңгеден 27 780 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Заңсыз кәсіпкерлік қызмет – 2 000 АЕК немесе 5 миллион 556 мың теңге. Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұру – 7 АЕК немесе 19 446 теңге. Айта кетейік, Қазақстанда жылдамдықты арттырғаны үшін 5 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін немесе 13 890 теңгеден 83 340 теңгеге дейін айыппұл салынады.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар