Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Облыс әкімдері мен министрлердің ресми өкілдеріне қалай хабарласуға болады?

Облыс әкімдері мен министрлердің ресми өкілдеріне қалай хабарласуға болады?
ашық дереккөз
Енді олармен тікелей байланыс орнату жеңілдей түсті
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі сайтында орталық мемлекеттік органдардың ресми өкілдерінің байланыс номерлері жарияланды, деп KYN.KZ ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Абаев министрлікке орталық мемлекеттік органдардағы өкілдердің байланыс нөмірлерін беру туралы жиі өтінім түсетінін айтуда. «Бұқаралық Ақпарат Құралдары туралы» Заңдағы түзетулерге сәйкес барлық мемлекеттік органдарда журналистермен өзара қарым-қатынас орнататын ресми өкілетті тұлғалардың мәртебесі белгіленді. Бұл қызмет қысқартуға жатпайды, тікелей бірінші жетекшіге ғана бағынады. Біздің министрлікке орталық мемлекеттік органдардағы өкілдердің байланыс нөмірлерін беруімізді өтініп жиі хабарласады. Төмендегі сілтемеден олардың байланыстырын ала аласыздар», - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасына. Министрлік сайтында барлық орталық меморгандар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ресми өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар