Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Егде жастағы әйел түнде дәретханаға шығамын деп адасып қайтыс болды

Егде жастағы әйел түнде дәретханаға шығамын деп адасып қайтыс болды
ашық дереккөз
Ол бірнеше күн бойы өмір үшін күрескен
Ұлыбритания тұрғыны түнде дәретханаға шығу үшін тұрып, кептіргіш шкафта адасып, қайтыс болды деп KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтемем жасай отырып хабарлайды. Оқиға Пеннел қалашығында болды. 60 жастағы күтуші мен оның бұрынғы полиция қызметкері Элизабет Ишервуд үлкен үйді жалға алып, тыныштықта жалғыз демалғысы келген. Түнде әйел жалаңаш күйінде дәретханаға шығып кетеді, бірақ кенеттен кептіргіш бөлмеге кіріп, қамалып қалады. Өкінішке орай оның айқайлаған дауысын ешкім естімейді. Ишервуд бірнеше күн бойы шығуға талпынады, тіпті труба арқылы қабырғаны теседі. Дегенмен оның бұл әрекеті керісінше әсер етіп, бөлменің іші салқындап, өлімге әкеліп соқтырады. Ишербудтың денесін бірнеше күннен соң сантехника жөндеушілер тауып алады. Олар трубаны жөндеуге келіп, өліктің денесіне тап болады. Оқиға орнына зерттеу жүргізген полиция қызметкерлері Ишервудтың аман қалуына аз қалғанын айтады.  Себебі ол қабырғаны тескен сәтте, келесі бетте ілініп тұрған картина ғана кедергі келтірген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар