Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Табиғи сапалы жемісті таңдай білудің құпиясын біле жүріңіз

Табиғи  сапалы жемісті таңдай білудің құпиясын біле жүріңіз
ашық дереккөз
Мамандар жеуге жарамсыз көкөністер мен жемістерді қалай білуге болатынын түсіндірді
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының күніне 400 гр көкөністер мен жемістер жеу керек екендігін айтты. Жаздың басталуына орай дүкендерде жаңа дайындалған салқын жемісті сусындар мен салаттар пайда болады. Сондықтан азық-түлікті таңдауға ұзақ уақыт кетеді. KYN.KZ оқырмандарына дүкендегі азық-түлікке таідау жасауға көмектеседі. Қызанақ  width= Көпшілігіміз бір бұтақта тұрған қызанақтарды жаңа деп ойлаймыз, ал шындығында ол көкөністің әлі толығымен піспегенін көрсетеді. Толығымен пісіп жетілген қызанақтар бұтақтарынан өздері түсе бастайды. Егер қызанақтар әлі бқтақтарынан ажырамаған болса, оның құрамында пайдалы дәрумендер аз деген сөз. Қарбыз  width= Ең жақсы қарбыздар тамыздың ортасынан бастап, қыркүйектің соңына дейін піседі. Бірақ кей шаруа қожалықтарында оларды тезірек өсіру үшін қосымша дәрумендер салады. Жасанды жолмен өсірілген қарбыз – адам денсаулығына зиянды. Орташа көлемді қарбызды таңдаңыз. Толық піскен қарбыздың түбірі құрғақ болады, себебі қарбыз дайын болған кезде жерден су алуды тоқтатады. Болгар бұрышы  width= Адамдардың көпшілігі болгар бұрышының ерлерге жіне ійелдерге арналған түрі болатынын білмейді. Оны білу үшін бұрыш кері төңкерсеңіз болғаны. Егер түбі төрт бөлімнен тұрса әйелдерге тән түрі, үшеу болса – ерлерге арналған түрі. Әйелдерге арналған түрі дәмді болса, ерлер типтес бұрыш аздап ащы болады. Оларды көбінесе консервы дайындауға қолданады. Алма  width= Орташа көлемді алма алыңыз. Алма өте тығыз әрі қатты болу керек. Сонымен қатар көлеміне қарағанда салмағы жоғары болады. Алманың сырты әдемі болу үшін сатушылар сыртына түрлі қоспаларды жағып қоюы да мүмкін. Жалпы алманы өз уақытысында сатып алған дүрыс, себебі басқа уақытта бойындағы дәрумендер аз болады. Шие  width= Шиені маусым мен шілде айларында сатып алыңыз. Осы уақытта жемістер пайдалы әрі арзан. Сатып алар алдында шиені ұстап көріңіз ол тым қатты және тым жұмсақ болмауы тиіс. Шиенің түсі неғұрлым қанық болса, соғұрлым бойында пайдалы заттар бар. Қияр  width= Нағыз дәріменге бай қияр ашық жасыл түсті болып келеді. Сонымен қатар ұстағанда қатты болуы тиіс. Қиярдың ұзындығы орташа болуы тиіс шамамен 10-15 см. Банан  width= Сөрелерден ашық сары түсті банандарды іздеңіздер. Сыртында қара дақтары бар банан толықтай жеуге дайын. Алайда оларды екі күннен артық сақтамаған дұрыс. Үлкен ұара дақтары бар банан бұзылған екенін естен шығармаңыздар. Лимон  width= Жақсы піскен лимонның сырты жылтыр келеді. Лимонның сыртына мән беріңіздер: қабығы ылғалды лимон бірінші болып піскен екендігін көрсетеді. Олардың құрамында пайдалы заттар өте көп болады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар