Басты жаңалықтар
Ұзындығы 5 метр, салмағы 70 келі болатын жылан мен ер адамның қанды шайқасы видеоға түсіп қалды (видео)
- автор kyn.kz
- 16 маусым, 2020
- 241
Ер адам: 1 литрге жуық қан жоғалтқаным анық
Флорида штатының Эверглейдс аймағында жылан аулаушы әрі жабайы жануарлар әлемін зерттеуші Майк Киммель ұзындығы бес метр, салмағы жетпіс келі болатын алып жыланды ұстаймын деп, бір өлімнен қалды.
Жабайы жануарларды қорғаушы қалың қамыс арасынан жылан аулауға арнайы дайындалып, камерамен шыққан. Бірақ ол өзі келген аймақта дәл осындай үлкен жылан кездестіремін деп ойламапты. Сол себепті, жылан салатын үлкен қапты да алмаған.
Қалың қамыс арасында тығылып жатқан жыланды көрген Майк бірден оны құйрығынан тартып, ұстап алуға кіріседі. Ал жылан болса өз бетімен жабайы табиғатқа қарай қашуға тырысқанымен күші жетпеген. Сол себептен өзіне күш көрсеткен адамға айбат шегіп, жылан аулаушыны білегінен шағып алады.
"Менің жолым болды. Жыланның тісі айтарлықтай батқаны анық. Бірақ, қолымды орап алмай тұрып ол құрған қақпаннан шығып, басын ұстап үлгердім. Әйтпеген жағдайда саяхаттың қайғылы аяқталуы әбден мүмкін еді. Әлсіреп те қалдым. Себебі мен көп қан жоғалттым. Кішкентай жыланға арналған қапшықпен күре тамырымды байлап үлгердім",-деп күлді Майк Киммель .
Келесі мақала