Басты жаңалықтар
Түрік отбасына келін атанған қазақ қызы: Түріктерде тойда дастархан жайып, тамақ қоймайды (видео)
- автор kyn.kz
- 21 маусым, 2020
- 1.3k
Мадина Жеңісова Түркияда грантпен оқудың тиімді жолы мен сол елге келін болғалы көрген қызықты сәттерді баяндады
Түркияда білім алып жүрген Мадина ол елдің шетел студенттеріне деген ықыласы айрықша екенін айтады. Сөзінше Қазақстанда отырып емтиханның бірнеше сатысын онлайн тапсыруға болады.
Ал түрік тілін барғаннан кейін де үйренебересің. Оқу орны төлейтін шәкіртақы бір айлық ас- ауқатқа жетеді. Одан бөлек жатын жай шығыны да университет жауапкершілігінде. Бұл жөнінде Мадина KYN.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Мадина Жеңісова бір жыл бұрын түрік азаматына тұрмысқа шығып, бүгінде Алаз есімді бала тәрбиелеп отыр. Жас ананы нағыз заманауи келіншек деуге әбден болады. Себебі, ол бірнеше адамның атқарар ісін бір өзі істеп жүр. Тұңғышына - ана, сүйіктісіне- сүйкімді жар, ата-енесіне - келін, бұдан бөлек өзі студент. Ол түрік отбасына келін атанар кезде қына кеші сынды жасалынған салт-дәстүрлердің маңыздылығы мен мағынасын айтып берді. Әрі ата- енесіне Қазақстанды, өзінің туған өлкесі мен жақындарын таныстырған сәттегі қызықтарымен бөлісті.
Оқуға тапсыру үшін осы сілтеме арқылы сайтқа кіресіз. СІЛТЕМЕ