Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҰБТ 2020: 164 талапкер тәртіп бұзғаны үшін биыл ЖОО-да білім алу құқығынан айырылды

ҰБТ 2020: 164 талапкер тәртіп бұзғаны үшін биыл ЖОО-да  білім алу құқығынан айырылды
ашық дереккөз
Биыл ереже мен тәртіпке бағынбағандар қатаң жазаланып жатыр
Ұлттық тестілеу орталығы алғашқы күннің нәтижелерін жария етті. Биылғы қатаң тәртіпке бағынбағандар осы жылы білім алудан  толық шеттетіледі. Яғни олар мүлде тест тапсыра алмайды. Тағыда ескертетін жайт талапкер аудиторияда тыйым салынған заттарды алып кіруге де тырыспағаны жөн, деп хабарлайды KYN.KZ. Орталық директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың айтуынша, кеше тестілеуге 6 186 талапкер қатысты. Ал 2020 жылғы жаңашылдықтардың бірі – ғимаратқа кіргізу кезінде талапкерден тыйым салынған заттар табылса, оны тестілеуге жібермеу болып табылады. "Осы қағиданы ұстанып, 21 маусымда республика бойынша 73 тест тапсырушы ҰБТ-ға жіберілмеді. Сонымен қатар, 91 талапкер ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Яғни, 164 талапкердің ережеге қайшы әрекет жасағаны анықталды", - деді Дидарбекова бүгінгі онлайн брифингте. Оның сөзіне қарағанда, тәртіп бұзған барлық талапкердің нәтижесі жойылып отыр. Сонымен қатар, олар биыл тест тапсыра алмайды. Ресми мәліметке сәйкес, кеше 4 222 шекті балл жинап шықты. Ал 1 964 талапкер шекті ұпайды жинай алмады. 39 адам 130 балдан жоғары алды. Республика бойынша 2 талапкерде жоғары температура тіркелді. Олар тестті бөлек тапсырады. "Қазіргі кезде жергілікті аппеляциялық комиссиялар өтініштер қабылдап жатыр. Ережеге сәйкес, өтініштер 13:00-ге дейін қабылданады. Одан кейін жергілікті аппеляциялық комиссия өтініштерді қанағаттандырған жағдайда республикалық комиссияға нақты шешімді қабылдау үшін жолдайтын болады. Оның нәтижесі бүгінгі күннің соңына дейін беріледі", - деп атап көрсетті Дидарбеков.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар