Басты жаңалықтар
Қостанайлық жігіт әйелін бауыздап, өзі терезен секіріп кетті
- автор kyn.kz
- 21 маусым, 2018
- 384
Олардың артында екі бала жетім қалды
Қостанай қаласындағы З.Алдамжаров атындағы технологиялық университетінде қылмыстық оқиға орын алды. Бұл туралы KYN.KZ ALAU.TV сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды
Анықтағанымыздай жігіт оқу орнындағы әйелінің кабинетіне басып кіріп, оны пышақтаған кейін өзі де сегізінші қабаттан секіріп кеткен.
Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.
Олардың артын екі баласы жетім болып қалды. Олардың бірі мектеп оқушысы болса, кішкентайы балабақшаға барады.