Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абаев: Назарбаев 2020 жылы сайлауға қатысқаннан Қазақстан ұтылмайды

Абаев: Назарбаев 2020 жылы сайлауға қатысқаннан Қазақстан ұтылмайды
ашық дереккөз
Министр Тоқаевтың сөзіне қатысты өз пікірін білдірді
Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанда 2020 жылы өтетін президенттік сайлау туралы өз ойын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KYN.KZ "2020 жылға дейін біраз уақыт бар. Қасым-Жомарт Кемелұлының айтқанындай, шешімді тек қана елбасы қабылдайтын болады. 2020 жылы қандай жағдай қалыптасады, соған қарай пікір білдіруімізге болады. Алайда, президенттің саясат, экономика салаларындағы зор тәжірибесін, оның халықаралық деңгейдегі беделін есепке ала отырып, егер мемлекет басшысы 2020 жылы сайлауға түссе, Қазақстан одан ұтылмайтынына сенімдімін. Бұл менің президенттің жанында біршама уақыт бойы бірге жүріп, істес болған адам ретіндегі ойым", - деді Абаев. Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев өз сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы елімізде өтетін сайлауға қатысуы туралы пікір білдірген болатын. Артынша сенат спикері БАҚ өкілдерінен бұл пікірі туралы шу шығармауын өтінген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар