Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жоқ адамдар айлық алып, өзіне миллиондап сыйақы аударған: ЖШС «Технопарк Алатау» басшысына айып тағылды

Жоқ адамдар айлық алып, өзіне миллиондап сыйақы аударған: ЖШС «Технопарк Алатау» басшысына айып тағылды
ашық дереккөз
ЖШС "Технопарк Алатауда" қызмет еткен бас механик бассыздықтарды тізіп, прокуратура мен Сағынтаевтан көмек сұрады
фото:көрнекі сурет
ЖШС «Технопарк Алатау» басшысы мемлекеттен бөлінген қаржыны оңды- солды шашып, түрлі құйтырқы әрекеттермен қаржы жымқырып жүргеніне біраз уақыт болған. Бұл туралы   осы мекемеде бірнеше жылдан бері бас механик болып жұмыс істеп жүрген  Жұмағамбетов Әбілқайыр KYN.KZ тілшісіне баяндап берді. Бас механик аталмыш мекемеде құжат бойынша жұмыс істейтін, айлығын алатын, бірақ ешкім танымайтын адамдардың көп екенін айтқан.  Солардың бірі, әріптестерінің көзіне көрінбеген баспасөз хатшысы соңғы жылда 500 мың теңгеге жуық айлық алған. Ал автобустарды жөндеу жұмыстары үшін жеке кәсіпкерлік бойынша ашылған құжаттарға миллиондап қаржы аударылған. Ол жерде ЖШС-ға тиесілі автобустар номерімен, құжатымен жазылып, көрсетілгенімен олардың біреуіне де жөндеу жұмыстары жасалмаған. Есесіне құжат бойынша жасалуы керек жөндеу жұмыстарының шығынына қаржы аударылған. Бұдан бөлек басшылық қызметтік дәрежесін пайдаланып жұмысшыларға жеке істерін жасатып, ЖШС-ға тиесілі көліктерді жеке мақсатта еркін пайдаланған. Бұл құйтырқылықтардың ең өрескелі  ЖШС басшысы және оның кеңесшісі, орынбасары, бас экономист өздеріне мерекелік сыйақы ретінде он миллион теңгені өз ара бөлісіп алған көрінеді.
 width=
Бұл фактілердің барлығын сурет, видеоларымен қоса қағазға түсірген бас механик  Жұмағамбетов Алматы қаласының әкімі  Сағынтаев пен қала  прокуроры Жуйриктаевтің атына хат жазды. Қазір прокуратура арнайы тексеріс жұмыстарын бастап кеткен. Бірақ ЖШС-ға хабарласқан  KYN.KZ тілшісі болған жайт туралы қазірге ақпарат ала алмады. Тек » Біраз уақыттан кейін өзіміз хабарласамыз» деген жауап алды.
Назарларыңызға бас механиктің жазған шағымын ұсынамыз:  width=  width=  width=  width=  width=
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар