Басты жаңалықтар
40 адам эвакуацияланды: Шу ауданында жанармай толы вагон аударылып өрт шықты
- автор kyn.kz
- 30 маусым, 2020
- 308
600 шаршы метр жер өртеніп, шойын жолға да айтарлықтай зақым келді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Шу станциясындағы өрт сөндіру пойызы жұмылдырылып, 42 адам оқиға орнынан эвакуацияланды
Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар станциясында түнгі сағат екі шамасында Алматы – Ақтоғай жүк пойызының екі вагоны рельстен шығып кеткен.
Оның бірі – платформа үстіне қойылған контейнер болса, екіншісі – жанармай құйылған 60 тонналық цистерна.
"Құлаған цистернадағы жанармайдың жартысы төгіліп, 600 шаршы метр аумақта өрт шықты. 75 метр шойын жолға зақым келді", - делінген төтенше жағдайлар жөніндегі комитет хабарламасында.
Өрт салдарынан Шу, Алайғыр және Еспе теміржол станциясында 10 жолаушы пойызы тоқтатылды.
"Қазақстан темір жолы" компаниясының құрылымдық күштерінің көмегімен 10 жеке тұрғын үй секторының 42 тұрғыны эвакуацияланып, олар Шокпар ауылындағы туыстарының үйіне орналастырылды.
Шу станциясындағы өрт сөндіру пойызы тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылып, өрт таңғы алтыда толық сөндірілді.