Басты жаңалықтар
Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу рәсімі өзгерді
- автор kyn.kz
- 30 маусым, 2020
- 252
Бұған дейін осы аурудан қайтыс болғандардың мәйіті тіпті туыстарына көрсетілмек түгілі берілмейтін
Денсаулық сақтау министрі қауіпті вирустан қайтқандарды бұдан былай бөлек яғни басқа зиратта жерлеуге мәжбүрлеу алынғанын айтты, деп жазды KYN.KZ
Коронавирустан қайтыс болған адамдарды енді кез келген зиратқа жерлеуге болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеудің қолданыстағы тәртібіне өзгерістер енгізілді. Санитарлық, эпидемиологиялық, гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, марқұмдарды кез келген зиратқа жерлеуге рұқсат етіледі", - деді министр онлайн брифингте.
Цой елде коронавирустың таралуы күн сайын өсіп жатқанын айтты.
30 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда шамамен 40 мыңға жуық адам індетке шалдыққан.