Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

14 күндік карантин кезінде жұмысын жалғастыратын қызмет түрлері

14 күндік карантин кезінде жұмысын жалғастыратын қызмет түрлері
ашық дереккөз
Кей қызмет түрлері жұмысты қашықтан жалғастырады
Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады. Мұндай шешім ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік коммисия отырысында айтылд, деп жазды KYN.KZ. Комиссия шешімімен мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйым қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу режимін сақтауы тиіс. Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметі сақталады: ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚО-лар, екінші деңгейлі банктер. Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар