Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

5 шілдеден бастап жұмысы тоқтатылатын қызмет түрлері

5 шілдеден бастап жұмысы тоқтатылатын қызмет түрлері
ашық дереккөз
Екі апта бойына бұл мекемелер жабық болады
Бүгін Қазақстанда екі апталық карантин режимі  жария болатыны айтылды. Карантин кезінде барлық қызмет түрлері қатаң бақылауда болады. Тіпті кейбір қызмет түрлерінің жұмысы уақытша болса да толықтай тоқтатылады, деп жазды KYN.KZ. Комиссия шешімімен сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түлік сатпайтын жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа) жұмыс істемейді. Сонымен бірге, діни нысандар және басқа (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары) қызметі тоқтатылады. Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар