Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бергей бастаған Қазақстаннан барған босқындар Еуропада еркін қыдырып жүр (фото)

Бергей бастаған Қазақстаннан барған босқындар Еуропада еркін қыдырып жүр (фото)
ашық дереккөз
Сот 17 жылға сырттай үкім шығарған Бергей Рысқалиевті билік "ұстағысы келмейді" ма? Әлде оны ешкім іздеп жатқан жоқ па?
Бергей Рысқалиев бір топ атыраулық танымал азаматтармен Еуропада еркін кездесіп, тіпті басқосуда түскен суреттерін желіге жүктеп қойды, деп жазды KYN.KZ. Атырау облысының бұрынғы әкімін Қазақстан соты сырттай 17 жылға соттағанымен Бергей Рысқалиевті іздеп жүрген құзырлы орган жоқ сияқты. Себебі экс-әкім Еуропада еркін қыдырып, Қазақстаннан барған кәсіпкер,  Атырау өңіріне танымал қалталы азаматтармен  кездесті. Бұған айғақ желіде тараған мына сурет. Бұл  басқосу  Бергей Рысқалиевтің қайда жүргенінен ақпарат беретін бірінші жағдай емес. Ол 2019 жылы мамырда Парижде Бергей Рысқалиев пен бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдин жиын өткізіп, Қазақстандағы қоғамдық-саяси жиынды талқылаған еді. Бұл басқосуға  бір топ қазақстандық белсенді барып қатысқан болатын. Солардың бірі - "Дат" оппозициялық газетінің жетекшісі, журналист Ермұрат Бапи. Ермұрат Бапи елге келіп Рысқалиевтің Еуропадағы "жағдайы" жайлы түрлі ақпарат таратып тіпті баспасөз конференциясын да өткізді. Жақында ғана желідегі парақшасында  журналист Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен оған иелік етіп отырған Бергей Рысқалиевтің алдағы саяси науқандағы әрекеті бойынша болжам жасаған. Ал Жоғарғы сот жақында ғана Рысқалиевтер әулетінен тәркіленген дүние-мүлктің бір бөлігі қайтарылатынын ресми мәлімдеді. Бергей Рысқалиевті бұған дейін  көшеде қыдырып жүрген жерінен белгісіз азаматтар видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген еді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар