5 шілдеден кейін елде әуе және теміржол байланысы тоқтамайды.
Алайда бірқатар шектеу енгізіледі. Өңірлер арасында жеке көлікпен қатынауға тыйым салынған жоқ
Қазақстанда күшейтілген карантин кезінде электр пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы бас мемлекеттік дәрігер Айжан Есмағамбетованың 5 шілде күні сағат 00.00-де күшіне енетін қаулысында жазылған.
5 шілдеден кейін елде әуе және теміржол байланысы тоқтамайды. Алайда бірқатар шектеу енгізіледі. Пойызбен жжүру үшін ПЦР-тест анықтамасы қажет емес.
Өңірлер арасында жеке көлікпен қатынауға тыйым салынған жоқ.
Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00 - 10:00 және кешкі 17:00 - 21:00 аралығында қатынайтын болады. Күндізгі уақытта үзіліс жасалады.