Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған: Министрлік түсінік берді

Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған: Министрлік түсінік берді
ашық дереккөз
Желіде Шымкент, Кентау және Түркістан қаласына коронавирус инфекциясы жұқтырылған маскалар жеткізілгені туралы айтылған аудиожазба елді дүрліктіруде.
Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қытай халық республикасынан гуманитарлық көмек ретінде әкелінген маскаларға коронавирус инфекциясы жұқтырылған деген аудиожазбаны фейк деп атады.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады ведомство. Сонымен қатар, комитет басқа елдерден жеткізілген барлық медицина заттары мен дәрі-дәрмектің белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігі мұқият тексеруден өтетінін атап өтті. "Аталған жағдай бойынша ақпаратты таратушының жеке басын анықтау үшін іс ішкі істер органдарына берілді. Азаматтардан әлеуметтік желідегі шындыққа жанаспайтын ақпаратқа сенбеуді және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз", - деді денсаулық министрлігінің комитеті. Айта кетейік, жалған ақпарат таратқан азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұған дейін әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың қан плазмасы негізінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірленетіні туралы ақпарат тарады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпаратты жоққа шығарды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар