Басты жаңалықтар
Мүфтият халыққа жаназа шығару мен ас берудің ережесін ескертті
- автор kyn.kz
- 20 шілде, 2020
- 997
Мүфтият халықты жинап қонақ асын өткізуді, жерлеу рәсімінен кейін ас беруді, жетісі, қырқы, жылы сияқты құдайы астарды эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін тоқтата тұруға үндейді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаназа намазы мен жерлеу рәсімін өткізуге қатысты мәлімдеме жасады.
Жаназаны үш қатар болып оқу қажет.
"Елімізде вирустық індеттің өршіп тұрғаны өздеріңізге мәлім. Індет жұқтырған адамдардың саны көбейіп тұр, қаза тапқандар да аз емес. "Сақтансаң – сақтаймын" демекші, әлемге қауіп төндірген дертке немқұрайлылық таныту – өзіміз үшін ғана емес, айналамыздағы жандардың да өміріне өз әсерін тигізері хақ", – деді мүфтият қызметкерлері.
Осы орайда еліміздің діни басқармасы жаназа намазы мен жерлеу рәсімін өткізуге қатысты талаптарды орындауға шақырады. Олар:
- Мәйітті жуу мен кебіндеуді, жаназа намазын оқуды және қабірге қоюды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізу;
- Жаназа намазы мен жерлеу ісіне қатысатын адамдарға бетперде тағуға, қол алысып амандаспаған лазым;
- Жаназа намазын 5 минут ішінде өткізіп, мәйітті жерлеп болғаннан кейін халықты көп ұстамай лезде қайтару;
- Зейнет жасындағы кісілерге, денсаулығы нашар немесе ауырып жүрген адамдарға және мектеп жасындағы балаларға жаназа намазына қатыспағаны дұрыс;
- Жаназа намазына және қабір басында барлық қатысушыларды қосқанда 10 кісіден артық жиналмаған жөн.