Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Оқу басталысымен кей оқушыларға компьютер, роутер тегін беріледі

Оқу басталысымен кей оқушыларға компьютер, роутер тегін  беріледі
ашық дереккөз
Көмектің мұндай түрін кімдер алатыны айтылды
Ел астанасындағы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадірова қай санаттағы оқушыларға техника яғни компьюер, роутер берілетінін айтты. «Қазіргі таңда сіздерді, жалпы барлық ата-аналарды алаңдатып отырған сұрақтың бірі - алдағы қашықтан оқытудың қалай өтетіні екенін түсініп отырмыз. Бұл орынды. Қашықтан оқыту үшін ең алдымен педагогтар мен оқушылардың компьютер және интернетпен қамтамасыз етілуі маңызды. Педагогтар мен оқушылардың компьютер мен интернетке қажеттілігіне мониторинг жүргізілді. Қажетті құралдар сатып алынады», - деді Шолпан Қадырова қала әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында өткен баспасөз мәслихатында. Бұл ретте техниканы қажет ететін аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар міндетті түрде компьютер және роутермен қамтамасыз етілмек.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар